Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Шыңғыс Мұқан: АҚШ экономикасы бізден 8100 есе озып кетіпті

19.06.2017 | 11:08

«Америка қалай? Қазақстан 50 жылға қалып қойған шығар?» Осы сұрақ соңғы уақытта көп қойылып жүр. 

 Дамудан қалғаны немесе озғаны жөнінде уақыт өлшемімен қалай дәлел келтіруге болады?
Дегенмен, осы сауалдың жауабына жақындаған сияқтымын.
АҚШ тәуелсіздігін 1776 жылы жариялаған. Біз 215 жылдан соң егемендік алыппыз. 
 Суреттегі аспалы көпір – Бруклин бридж. Құрылысы 1869 жылы басталып, 1883 жылы аяқталған.

druklin
Осы кезеңде Қазақстанда хандық билік жойылып, бас көтергеннің басы алынып, оның соңы 1868 жылы бүкіл қазақ жерінің Ресей империясы мемлекеттік меншігіне өтуімен аяқталады.
Келесі сурет Эмпайр Стейт Билдингтің үстінде түсірілген. 102 қабатты ғимарат 1931 жылы ашылған. Бір жыл бір айда салынған. 1970 жылға дейін әлемдегі ең биік ғимарат болған. Қазір биіктігі жөнінен 34-орында.

empire
Ал бізде осы кезеңде халқымыздың жартысы ашаршылықтан қырылып қалды, көшіп-босып кетті.
АҚШ жер көлемі бойынша 4-орында, Қазақстан 9-орында, адам саны бойынша 3-орында, біз 64-орындамыз.
Американы екі мұхит толқынымен тербеп жатыр. Біздің мұхитқа шығар жолымыз жоқ.
«Даму» деген көбіне экономикалық категория. Сондықтан Қазақстан пәленше жылға қалып қойды деп айту қиын. Жоғарыдағы саяси, тарихи, географиялық, демографиялық жағдайларды, одан бөлек басқа да субъективті-объективті жәйіттарды ескерсек, әлемдік ішкі жалпы өнім бойынша АҚШ экономикасы бізден 8100 есе озып кетіпті.

Шыңғыс Мұқан, Гарвард университетінің студенті, АҚШ.

 
Көрілді: 1034
Жаңартылған: 19.06.2017 | 11:15
Категориялар: Өз сөзім, Басты жаңалықтар