Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Арыстанбек Мұхамедиұлы: Демалмағаныма үш жыл болды

28.06.2017 | 10:04

Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы соңғы үш жылда демалысқа шықпағанын айтты. "Үш жылда бірде-бір рет демалысқа шыққан жоқпын", — деді Мұхамедиұлы тілшілердің "биыл қайда демаласыз?" деген сұрағына жауап бере отырып.  Үш жыл бойы тынымсыз еңбек еткен министр биыл осы олқылықтың орнын толтырмақ және шетелде емес, еліміздегі демалыс орнын таңдап отыр.

"Әрине, Алакөлге барамын. Сіздерді де шақырамын" — деді Мұхамедиұлы.

Айта кетейік, бүгін үкіметте отандық туризмді дамыту мәселелері талқыланды.

Дереккөз: Sputnik Казахстан

 
Көрілді: 841
Жаңартылған: 28.06.2017 | 10:19
Категориялар: Өз сөзім, Басты жаңалықтар