Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Діннен адасқандардың жайы қозғалды

26.09.2017 | 14:29
Діннен адасқандардың жайы қозғалды

Облыстық дін істері жөніндегі басқарма дін өкілдерінің басын қосып, теріс пиғылды ағым жетегінде кетушілермен күресудің жолын қарастырды. Ата дініміз – ислам және пайғамбарымыздың (с.ғ.с) жолынан адасушылыққа не себеп? Бұл жөнінде теологтар мен тарихшылар өз ойларын ортаға салды. Олардың пікірі жас өреннің өзге ағымның жетегінде кетуіне негізгі себеп – тұрмыстық жағдай. Сондай-ақ жастардың таза дінді жат ағымдардан ажырата алмауы, дәстүр мен дінді жатастыруы. Оған қоса жастардың аңғалдығы мен діни сауатсыздығы да себеп болып отыр. «Елбасы «Қазақстан 2050» Стратегиялық жоспарында «Дәстүрлі емес секталар мен күмәнді жалған діни ағымдардың іс-әрекетін қатаң түрде тыйып отыру қажет. Біз қоғамда, әсіресе, жастар арасында діни экстремизм профилактикасын күшейтуіміз керек. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі беретін артықшылықтарды да пайдалануымыз керек. Осы әңгімелесу алаңының базасында діни ыңғайдағы дауларды шешудің жаңа платформасын жасауымыз қажет», -деп нақты тапсырмалар жүктеген болатын. Осы орайда облысымызда жат ағымдармен күрес қарқынды жүріп келеді. Біз жазалаушы, тергеуші мекеме емеспіз. Біздің орталықтың мақсаты – халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Мамандардың көмегімен теріс жолға түскен азаматтарды дұрыс жолға салу»,- дейді облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығы МКМ директорының орынбасары Мәди Беспаев.

    Жиынды қорытындылаған мамандар ең бастысы ұлттық болмысты сақтап қалу дейді.

»

 
Көрілді: 1603
Жаңартылған: 26.09.2017 | 14:32
Категориялар: Құбыла, Қоғамдағы басты жаңалықтар