Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Ұстазы мықтының...

14.12.2017 | 10:32
Ұстазы мықтының...

Қазақстанның тарихындағы төрт муфтидің үшеуі Оңтүстіктің тумасы

 

  Мүфтият тарихында төртінші мүфти Серікбай қажы Ораз алғашқы ресми кездесуін Қазақстанның тұңғыш Бас мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлының шаңырағында өткізді. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының  ресми сайты хабарлады.

223

Ақсақал өмірлік ақыл-кеңестерімен бөлісіп, шәкіртіне ақ батасын беріп:

-Сен Алланың қалауымен Бас мүфти қызметіне діни салада ұзақ жылдар бойы жинақтаған тәжірибеңнің арқасында келдің. Жұмысыңа табыс тілеймін. Жаратушы Ием жар болсын», - деген ақ тілегін жеткізді.

Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Рәтбек қажы Нысанбайұлына ислам дінінің қазақ даласына келгеннен бастап, бүгінге дейінгі тағылымды тарихы қамтылған «Ұлы дала темірқазығы» атты кітапты сыйға тарту етті.

       Үстазы мықтының ұстанымы мықты. Рәтбек қажы мен Серікбай қажы ұстаз бен шәкірт қана емес- екеуі жерлес. Рәтбек қажы Сарыағаш ауданында дүниеге келген.  Серікбай қажы да осы ауданда туылған. Қазіргі бас муфти еңбек жолында Сарыағаш ауданының бас имамы қызметін атқарған.

   Ендеше, Қазақстанның тарихындағы төрт муфтидің үшеуі Оңтүстіктің тумасы...Бұрын бас мүфти болған Әбсаттар қажы Дербісәлі Түлкібас ауданның тумасы.  

 

Б.Ерназар

"Рейтинг" газеті, желтоқсан,2017жылы

 
Көрілді: 4900
Жаңартылған: 14.12.2017 | 10:44
Категориялар: Құбыла, Басты жаңалықтар