Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Түркістанда мешіттер бұзыла ма?

23.08.2018 | 10:20
Түркістанда мешіттер бұзыла ма?

Осы күні Қазақстанда, оның ішінде Оңтүстікте  мешіттердің көп салынып кеткені жиі айтылып жүр. Тіпті кейбір құлшылық үйлеріне баратын адам жоқ.  Қалталылар мұнда мешіт салудан жарыса бастағандай. Ел ішінде «бір ауылға екі мешіт салынып, мешіт елді ағайын-ағайынға, ата-атаға, ру-руға бөліп жатыр. Сондықтан қалталылар енді мешіт емес мектеп, балабақша салу тиіс,-деген әңгімелер өріп жүр. «Рейтинг» газетінің жаузынша 2014 жылдан бастап Қазақстанда құлшылық үйлерінің құрылысына деген талап күшейтілген. Мәселен құлшылық үйі білім беру ұйымдарынан 300 метр қашықтықта жақын орналаспауы қажет екен. Құрылысты бастар кезде мешіт салушылар басқармадан келіп, рұқсат алуы тиіс. Сол 2014 жылдан бергі аралықта облыс пен Шымкент қаласында басқарманың тарапынан тек сегіз мешіттің құрылысына рұқсат беріліпті. Енді қалғандарын осы жаңа тәртіпке сәйкестендіру жұмыстарын жүргізуі тиіс екен. Егер құлшылық үйі барлық талапқа жауап бере алса жақсы. Ал жауап бере алмаса ше? Түркістан облыстық сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары Бақтыбай Дүйсебековтің айтуынша заңсыз салынған құрылысты жүргізген азамат алдымен айыппұл төлейді, екіншіден, құрылысты өз есебінен бұзып тастауы екен. Алайда мұндай қатаң талаптың мешіттерге қолданылмайтындығы айтпаса да түсінікті ғой. Мешіт бұзу алдымен сенім-наным, ар, адамгершілік талаптарымен сыйыспайды.

Қазіргі таңда Түркістан облысында 719 мешіт, Шымкент қаласында 104 мешіт бар. Түркістан облысындағы өкілдігінің найб имамы Мұхамеджан Естеміровтің айтуынша  бұрын қалталылар бір ауылға екі мешіт салу жағдайы жиі кездесіпті. Қазір тоқтаған. «Мешіт салынған ауылға екінші мешіт салуға рұқсат бермейміз. Қажеттілігі болмаса салдырмаймыз. Мешіт саламын, сауап іс жасаймын деген азаматқа мешіт жанынан қосалқы жайлар, имамдарға қызметтік пәтер салып беруді ұсынып жүрміз. Халыққа сауап іс жасаймын деген азаматтың жолына ешкім кедергі бола алмайды ғой, қаласа көпір салсын, балабақша салсын»,- дейді ол.  

Найб имам «33 елді мекенде мешіт жоқ» деп отыр. Ал облыстық дін істері басқармасының  басшысы Самат Сапарбаев жақында өткен алқалы жиында «Мешіт бізде қазірдің өзінде жеткілікті. Басым көпшілігі бос тұр. Кейбір мешіттердің құжаттары дұрыс емес» деген еді. Басылымның жазуынша екі шенеуніктің деректері сәйкес келмейді, ал наиб имамның сөзі шындыққа жанасады дейді.

images

 

 
Көрілді: 3941
Жаңартылған: 23.08.2018 | 10:30
Категориялар: Құбыла, Басты жаңалықтар