Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Бақытжан Сағынтаев шенеуніктерді тендерді кеш өткізетіні үшін сынға алды

06.09.2017 | 09:48
Бақытжан Сағынтаев шенеуніктерді тендерді кеш өткізетіні үшін сынға алды

Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев шенеуніктерді тендерлерді кеш өткізетіні үшін сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

 

"Бұл жағдай үнемі қайталанып отырады. Қанша рет айтсақ да, ақша игерілмей қалады, тендерлер кеш өткізіледі. Үлкендер тендер өткізіп жатқаннан балалар зардап шегеді. Бұл мәселені қалай да шешу керек! Балалар жаңа мектептерде оқығысы келеді", - деді премьер-министр үкімет отырысы барысында. "Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ұлттық қордан ақша бөлініп жатыр. "Нұрлы Жол" бағдарламасы бойынша бөлінген қаражат өңірлерге жіберіліп жатыр. Ал біз оқу жылы басталғанда тендер өткіземіз. Асқар Ұзақбайұлы (Мамин), Ерболат Аскарбекұлы (Досаев) сіздер біздің мемлекеттік органдармен бірге жұмыс істеулеріңіз керек. Схемамен жұмыс істеу керек, себебі үнемі бір жерде сүріне беруге болмайды. Ақша бар. Өкінішке қарай, ақша уақытында игерілмейді", - деді Бақытжан Сағынтаев.

 
Көрілді: 335
Жаңартылған: 06.09.2017 | 10:03
Категориялар: Басты жаңалықтар, Саясат