Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Қазақстанда ақтау үкімі үшін қанша полицей мен прокурор жазаланды?

04.01.2018 | 23:01
Қазақстанда ақтау үкімі үшін қанша полицей мен прокурор жазаланды?

ҚР Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің өкілдері соттың ақтау үкімін шығарғаннан кейін қызметкерлерінің қалай жазаланатынын айтып берді
"Ақтау үкімі шыққаннан кейін прокуратураның 13 қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Біреуі қызметіне толық сәйкес емес деп танылды. Ал бір іс бойынша қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Екі жағдайда қызметкерлердің кінәсі болған жоқ. Бес іс бойынша жауапкершілікке тарту мәселесі қаралмады. Себебі олар жұмыстан өз еркімен шығып, әкімшілік жауапкершілікке тарту мерзімі өтіп кетті", - делінген Бас прокуратураның Tengrinews.kz жолдаған ресми сауалға берген жауабында. Құқық қорғау органының мәліметінше, 9 іс бойынша 12 адамға қатысты кассациялық наразылық білдіру шарасы қолданылды. "Сондықтан прокуратура қызметкерлеріне қатысты тек жедел кеңестер өткізіліп, жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылмады", - деді Бас прокуратура өкілдері. Сондай-ақ, Бас прокуратураның мәліметінше, Қазақстан соты 2017 жылдың 11 айында бар-жоғы 51 адамды ғана ақтап шыққан. Осы уақыт аралығында 26 492 іс қаралған. Олардың 25 371-і прокурордың қатысуымен өткен. 12 739 іс тоқтатылған. Ал сотқа барлығы 44 192 іс келіп түскен. "2017 жылдың 11 айында Қазақстан сотындағылар 39 қылмыстық іс бойынша 51 адамды ақтап шықты. Астанада - 8 адам, Алматыда - 4, Ақтөбеде - 6, Ақмолада - 10,  ШҚО-да - 6, Жамбыл облысында - 5, Қарағандыда - 4, Қостанайда - 4, ОҚО-да - 4 адам", - деді ҚР Бас прокуратурасындағылар. Сондай-ақ, сотта прокурорлардың айыптаулардан бас тартқаны айтылады. ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаевтің мәліметінше, 2017 жылдың 11 айында сот 36 адамды ақтап шықты. Оның айтуынша, ішкі істер органының 30 қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның 11-і бөлімше басшылары

 
Көрілді: 293
Жаңартылған: 04.01.2018 | 23:12
Категориялар: Басты жаңалықтар, Саясат