Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Өзбекстанның Қазақстандағы жаңа елшісі тағайындалды

11.03.2018 | 10:26

Өзбекстан сыртқы істер министрінің бұрынғы орынбасары Саидикрам Ниязходжаев Өзбекстанның Қазақстандағы елшісі атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 10 наурызда жаңа елші өз дипломатиялық миссиясын бастау үшін Астанаға келді. Еске сала кетсек, бұған дейін Саидикрам Ниязходжаев Өзбекстан сыртқы істер министрінің орынбасары болып қызмет еткен. Саидикрам Ниязходжаевтың негізгі мамандығы инженер-құрылысшы, Сыртқы істер министрлігіне дейін ол Өзбекстан Республикасы Президентінің аппаратында, үкіметтік құрылымдарда лауазымды қызметтер атқарған. Мемлекеттік кеңесшінің орынбасары, экономика министрінің орынбасары болған.

003



 
Көрілді: 1187
Жаңартылған: 10.03.2018 | 21:31
Категориялар: Басты жаңалықтар, Саясат