Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Қытай азаматтары Қазақстанға визасыз кіреді деген жалған - ҚР СІМ

11.06.2018 | 16:27
Қытай азаматтары Қазақстанға визасыз кіреді деген жалған - ҚР СІМ

«Қазақстан Қытаймен визасыз режім енгізу туралы келіссөздер жүргізіп жатқан жоқ. Мессенджерлер арқылы таратылған «Қытай азаматтары үшін визалық режім жойылады» деген ақпарат жалған, әрі арандатушылық мәнінде таратылып отыр» - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ол жерде Қазақстан-Қытай арасындағы визасыз қатынастың қандай болатынын да нақты түсіндірген.

«Қазақстан тарапы Қытайдың халықаралық әуежайлары арқылы транзитпен өтетін Қазақстан азаматтары үшін визасыз болу мерзімін 24 сағаттан 72 сағатқа ұзарту, сондай-ақ Қытайға баруға ниетті қазақстандықтарға дербес виза рәсімдеуді қайта бастау бойынша қытай тарапымен белсенді жұмыс жүргізіп отырғанын естеріңізге саламыз. Осы бағыттағы жұмыс екі ел арасында қалыптасқан жан-жақты өзара әріптестік, тараптардың мүдделеріне өзара құрмет негізінде жалғасуда» - делінген ҚР СІМ Фейсбуктегі ресми парақшасындағы хабарламада.

 

 
Көрілді: 639
Жаңартылған: 11.06.2018 | 16:33
Категориялар: Басты жаңалықтар, Саясат