Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Н.Құралов: "Елбасының білім саласына көңіл бөліп отырғаны ерекше қуантады"

05.10.2018 | 16:13
Н.Құралов:

Бүгінгі Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы ел ішінде қызу талқыға түсті. Жұрт бұл Жолдаудың әлеуметтік-экономикалық маңызының зор екендігін айтып, оның ел экономикасын алға бастыруға тиімді екенін айтуда. Осыған орай, Түркістан облысына кеңінен танымал, кәсіпкер «Аманкелді» ЖШС компаниясының директоры Нұрлан Құралов өз ойын білдіре кетті. 

- Президент Н. Назарбаевтың бүгінгі халыққа жолдауында Қазақстанның әл-ауқатының өсуі, Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру мәселесі қозғалды. Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында бүгінгі күнге дейін көптеген бағдарламалар жүзеге асқан болатын. «Ұлт болашағы – келер ұрпақ» десек, Елбасының білім саласына көңіл бөліп отырғаны ерекше қуантады. Мектепке дейінгі білім саласындағы тәрбиешілердің айлығын көтеру, «Ұстаздар қауымының мәртебесін көтеру туралы» Заң қабылдау, орта білім беретін мектептерде «Назарбаев интеллектуалдық мектебінің» әдістемелік оқытуын енгізу, барлық мектептер мен балабақшаларға толықтай бейнебақылау камераларын орнату секілді бірқатар міндеттемелер жүктеді. Осы орайда Білім жән ғылым министрлігі тынбай еңбек етеді деп сенеміз, - деген кәсіпкер Елбасы саясатын қолдайтынын жеткізді.

 
Көрілді: 569
Жаңартылған: 05.10.2018 | 16:15
Категориялар: Басты жаңалықтар, Саясат