Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Қазақстандық Анджелина Джоли соққы көргеннен кейінгі адамшошырлық суретін жариялады

12.08.2017 | 12:20
     Қазақстандық Анджелина Джоли соққы көргеннен кейінгі адамшошырлық суретін жариялады

    Голливудтың атақты актрисасы Анджелина Джолиге ұқсайтындығымен танымал, бокстан Қазақстанның 2014 жылғы чемпионы Зарина Цолоева өткен жылы бастан өткерген оқиғасын бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 
      "Шошымаңыздар! Рингте мұндай соққы жіберген жоқпын. Бұл бір жыл бұрын болған оқиға. Дүкенге барғым келген, тәтті-пәтті алайын деп, бас киіммен, құлаққап тағып кетіп бара жаттым, үстімде спорттық киім, жаңбыр жауып тұрды, басымды төменге қаратып, телефонға үңіліп келе жатып алдыма қарағанымда қарсы келе жатқан бір ер адамды көрдім, бірнеше минуттан кейін соққыдан құлап түстім, қарымта соққы қайтаруға дайындалып жатқанымда ол қашып кетті. Телефонымды да, ақшамды да алмады... Не үшін? Мұндайға бару үшін қандай жағдайда болу керек? Айта бергің келеді, бірақ спортшыға да, басқаға да сақ болыңыздар дегім келеді", - деп жазды ол. 

    Зарина Цолоева қолданушыларын құлаққапты жиі тақпауға шақырды. Ал пікірлердің біріне берген жауабында өз жағдайының жақсы екенін, ал соққы жасаған адамның сол күйі ұсталмағанын жазды.

 
Көрілді: 650
Жаңартылған: 12.08.2017 | 12:25
Категориялар: Басты жаңалықтар, Спорт