Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Нұрсұлтан Назарбаев Бекболат Тілеуханмен жамбы ату жарысын тамашалады

13.08.2017 | 20:14
Нұрсұлтан  Назарбаев Бекболат Тілеуханмен жамбы ату жарысын тамашалады

   Мемлекет басшысы халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің мәдени-думанды және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы аясында ипподромда өтіп жатқан жамбы атудан «Алтын жебе» халықаралық турнирін тамашалады деп хабарлайды Ақорда ресми сайты.

  Сонымен қатар, Қазақстан Президенті ипподром аумағында орналасқан «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенін аралап көрді.

  Нұрсұлтан Назарбаевқа кешен қонақтары назарына ұсынылатын қазақ халқының ұлттық тағамдарының түрлері, қолөнер бұйымдары, спорттық ойындар мен салт-дәстүр үлгілері көрсетілді.

 
Көрілді: 857
Жаңартылған: 13.08.2017 | 20:30
Категориялар: Басты жаңалықтар, Спорт