Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Қай гүлді кімге сыйлау керек?

07.03.2017 | 13:36

Сіз гүл сыйлағанда гүлді дұрыс таңдай аласыз ба?  Әр гүлдің өзінше тілі болады.

Азалия  (декорациялық өсімдік) —  нәзік, адал, тұрақты әйелдерге тән гүл. Бұл гүлді сіз өзіңіздің сүйік­­тіңізге, мені күтуге дайын бол деген оймен сыйлады деп тү­сінеді. Себебі ер адам бұл гүл­ді қызға сый­лағанда ол өзі үшін қайталанбас, ерекше адам екендігінен хабар береді

Мамыргүл — акация (ақ гүлді, хош иісті ағаш) —  жасырын ма­хаббат.

Кептірілген гүлдер шоғыры  — жауапсыз махаббат.  Қаламайтын адамыңыз мазаңызды алса, оған осындай гүл шоғырын сыйға тарт­саңыз, өзіне көңілі толмайтын­дығын бірден түсінеді. 

Гардения — жасырын, тылсым махаббат,  сен көріктісің деген ма­ғынада сыйланады. 

Қалампыр гүл  —  абырой, намыс мағынасын береді. Әйел­дерге тән махаббат белгісі. Қалам­пырдың әр түсі әртүрлі сыр береді.
Мысалы: ақ қалампыр – ол біреуге армандаған арманына жетуге тілек тілеу мағынасында. Сізге ақ қалам­пыр сыйлаған адам сізді өте по­зитивті адам ретінде қабылдайды. Ал сары қалампыр сыйға ал­са­ңыз сізді ол адамға сеніммен қа­рауыңызға шақырғанының белгісі.
Қызыл қалампыр сыйға тартса онда жеңіс пен табыс сіздің жағы­ңызда дегенді білдіреді. Қызыл қалампыр шоғырын көбіне сыйлы, құрметті немесе бастығыңызға  сыйға тартқан абзал. Сүйіктіңізге де қызыл қалам­пыр аралас гүл сыйласаңыз болады. 

Күлгін қалампыр гүлі ол ана махаббатының белгісі. Шетелдерде күлгін түсті қалампырды аналар күніне сыйлайды.

Сүмбіл гүл (Гиацинт) — бұл гүл­дің қандай түрін сыйлағанына қарай да бөлінеді. Дегенмен, мұн­дай гүл сыйлайтын адаммен өмірі­ңіз ашық та, жарқын болары сөзсіз. Егер алған гүліңіз ақ сүмбіл бол­­са онда ол тұрақтылықтың бел­гісі. Мен сенің тұла бойыңа тәнті­мін, өмір бойы сен үшін тілек тілеймін дегенді білдіреді.

Гладиолус — бұл гүлді сыйға тартқан адам батыл әрі сенімді серік десе де болғандай.  

Глоксиния — бір көргеннен ғашық болуды білдіреді.

Шығыс гүлі (Гортензия)  — мені есіңде сақта деген мағынаны біл­діреді. Әрқашан үміт пен ұяңдық қатар жүреді. Халық арасында осы гүлдің ауру мен бақытсыздықты алас­­тауға әсері бар деп те айты­лады. 

Ақтамақгүл — Жасмин (хош иісті, көрікті, ақ гүлді бұта)  — сезім­талдық пен әйелге тән нәзік­тіктің символы. Үнділіктер жас­мин­ді махаббаттың жарық жұл­дызы деп атайды. 

Лаванда — бұл гүлді сыйлағы­ңыз келген жанды ешқашан ұмыт­пайтындығыңызды айтқыңыз келетіні айқын. Ал гүліңіз ақ түсті болса, арман-тілектің орындалуы. 

Лалагүл (лилия) – бұл гүлді көне римдіктер байлық пен қазынаның белгісі ретінде бағалап, тіпті оны тиындарының бетіне түсірген.

Ал көне Египетте дүниеден ерте қайт­қан қыздың денесін осы гүлмен көр­кемдеген екен. Германиялық­тардың сенімі бойынша, бұл гүл өзін-өзі өлтірген немесе қастан­дықпен өлтірілген адамның мүр­десінде өседі деген сенім бар.  Француздар болса лалагүлді өте жақсы көреді. Оған дәлел – Фран­цияның көне елтаңбасы. Егер осы елге барғаныңызда сізге лала гүл сыйласа онда сізге де құрметі деп қабылдағаныңыз жөн. 

Ақ  раушан  — кіршіксіз таза­лық­тың белгісі. Сонымен бірге құпия сырлы адамдарға тән. 

Сары раушан — бақыт, қуаныш. Егер қызыл раушан гүлімен сары раушан аралас сыйланса әдемілік пен құштарлық қатар жүреді.

Қы­зыл раушан гүлі махаббат, жүректегі сезімді білдіреді. Тойға сыйланатын раушан гүл бақытты махаббаттың белгісі. Біз әрқашан біргеміз. 

Бөртегүл (Сирень) — әдемілік пен махаббаттағы бірінші сезім айту сыры.  Сирень ақ болса бірін­ші махаббат, күлгін болса махаб­баты жайында сыр ашу, сезімін біл­діру, күлгін сирень менің жүре­гім саған аманат деген мағынада. 

 Қызғалдақ (Тюльпан )— мұндай гүл таза махаббаттың символы. Сары түсті сенің күлкің күлген күн­дей сыңғырлайды деген мағынаны білдіреді. Қызыл түс – өз сезімін сүйіктісіне түсіндіру, сезімін жет­кізу.  Ежелгі Шығыста гүлдің түсін жылдың мезгіліне сай таңдаған — солғын түсті гүлдерді — қыстың күндерінде, ақшылдарын — күзде, көк гүлдерді көктемде және қызылдарын жазда сыйлау дәстүрі болған.

Дереккөзі:  аikyn.kz  

 
Көрілді: 3010
Жаңартылған: 07.03.2017 | 13:38
Категориялар: Ынтымақ, Басты жаңалықтар