Райм мен Артур рекорд орнатты

Screenshot_1.jpg

Өнер әлеміне небәрі 1 жыл бұрын келген Райм мен Артурды бүгінде Қазақстан жастары жақсы көреді. Оған күні кеше жұлдызды дуэттің Нұр-Сұлтандағы "Хан Шатыр" сауда орталығында берген концерті дәлел, деп жазады stan.kz.

Орталық сахнасында тұрғындарға арнап тегін концерт берген қарапайым оралдық жігіттер рекорд орнатқандарын айтуда. Концертке келген көпшілік әлеуметтік желіде фото-видеолармен бөлісіп, "Хан Шатырда" ине шаншырға орын болмағанын айтып жатыр. 

Ал аншлагпен өткен концертті желі арқылы тамашалаған көпшілік онда жиналған халықтың қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдірген. 

"Хан Шатыр құлап қалмады ма?", "Пальмалар аман қалды ма?", "Мынадан кейін адамдар қалай шықты екен", "Масқара, қытайлардан да көп қой", "Қайрат Нұртаспен бірігіп концерт берсе, стадион жинайтындары сөзсіз", - деп жазды желідегілер.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең үлкен энциклопедиялық сөздік
  • Әлемдегі ең қымбат кітапты Билл Гейтс қаншаға сатып алды?
  • Әлемде қай жазушының кітабы 2 млрд. данамен тараған?
  • Әлемдегі ең ауыр кітап жинағы қай мемлекетте?
  • Әлемдегі ең «ақылды» көпір
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: