Хот-дог атауы не мағына береді?

hot-dog_s_gorchicei-120887.jpeg

 Американдықтардың сүйікті әрі жеңіл тағамы хот-догты бүгінде білмейтін, жемейтін жан жоқ. Оған «хот-дог» атау оған қайдан берілген деп ойлайсыз? 

19 ғасырда немістің бір ет сатушысы «dachshund» деп аталатын шұжық дайындаған. Бір қызығы ол шұжықтарын әдеттегідей қағазға емес нанға орап сатқан екен. Кейіннен ол  Америкаға келіп,  өз бизнесін әрі қарай  жалғастырады. Сол жылдары оның шұжықтары тұрғындар арасында үлкен сұранысқа ие болып, ісі өрге домалайды.  1901 жылы Дарган деген иллюстратор қалада серуендеп жүріп, әлгі сатушының шұжықты тәтті нанға орап сатып жатқанын көреді. Оған бұл көрініс ерекше әсер етіп, сол сәтті дереу қылқаламмен қағазға түсіре қояды. Тәтті нанға оралаған шұжық жайлы ақпараттар жинау барысында оның  «dachshund» деп аталатынын естіген Дарган ыңғайсыз жағдайға тап болады. Сөйтсе ол бұл сөздің қалай жазылатынын білмейді екен. Содан  суретіне «dachshund» сөзін өзіне ыңғайлап, «хот-дог» деп ат қояды. Міне, осылайша Дарганның ойда-жоқта салынған суретінің арқасында көпшіліктің сүйіктісіне айналған тағамның халықаралық атауы қалыптасып кетті.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең үлкен энциклопедиялық сөздік
  • Әлемдегі ең қымбат кітапты Билл Гейтс қаншаға сатып алды?
  • Әлемде қай жазушының кітабы 2 млрд. данамен тараған?
  • Әлемдегі ең ауыр кітап жинағы қай мемлекетте?
  • Әлемдегі ең «ақылды» көпір
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: