Жылқы жылы туылған қазақстандық жұлдыздар кімдер?

Screenshot_28.jpg

Қазақстанның эстрада жұлдыздары арасында жылқы жылы туылған біраз өнерпаздарымыз бар екен.  Олардың алғашқылары  Қазақстанның халық әртісі Нағима Есқалиева 1954 жылы Жылқы жылында дүниеге келген. Әнші соңғы жылдары  ұстаздық қызметпен айналысып, «SuperStar Kz», «X-Factor» сынды жобаларда қазылық етіп, жаңа есімдердің, жаңа жұлдыздардың жануына ықпал етіп жүр. Қазақ кинематографиясында өзіндік қолтаңбасы бар режиссер Талғат Теменовте арғымақ жылы өмірге келген.   

Режиссер Жылан жылында біраз жетістікке қол жеткізді. Тәуелсіздіктің 22 жылдығы қарсаңында мәдениет саласындағы ерең еңбегі үшін «Парасат» орденімен марапатталды. 

Әнші, продюссер Қыдырәлі Болмановтың арқа сүйер жары, төрт баланың аяулы анасы Қарақат Әбілдина биылғы жылы көп жылдар бойғы еңбегі ескеріліп, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері болып марапатталды. 

Жылқы жылында дүние есігін ашқан жұлдыздардың қатарында талантты актер Фархат Әбдрайымов, өнерлі жұп Бүркіт пен Айша және Қайрат Нұртастың «Өкініш» фильмінде басты рольді сомдаған жас актриса Жәния Джуринскаялар бар. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең үлкен энциклопедиялық сөздік
  • Әлемдегі ең қымбат кітапты Билл Гейтс қаншаға сатып алды?
  • Әлемде қай жазушының кітабы 2 млрд. данамен тараған?
  • Әлемдегі ең ауыр кітап жинағы қай мемлекетте?
  • Әлемдегі ең «ақылды» көпір
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: