Ералхан Әбіш әйелін неге ренжітіп алды?

Screenshot_12.jpg                

Бойдақ кезім. Ағам мен жеңгем мені аяқ астынан шақыртып алып, қонаққа барамыз деді. «Қайда?» десем, жеңгем «Менің алыс туысымның үйіне. Ол үйдің ай десе аузы, күн десе көзі бар сұлу екі қызы бар. Арулармен танысып қайтасың, егер ұнатып жатсаң сол екі қыздың біреуін саған әперемін» деп, әзіл-шыны аралас жауап қатты. «Қызды көрмекке» дегендей, мен де бірден келісе кетіп «барсақ барайын» деп шештім. Айтылған үйге келіп, жайғасып, дастархандағы астан  ауыз тидік. Мен жан-жағыма қарап жеңгем мақтаған екі қызды іздеп отырмын. Ішімнен маған кішісі лайық болады-ау деп ойлап қоямын. Сөйтсем апалы-сіңілілер моншаға кетіпті. Әңгіме дүкен құрып отырғанда үйге қыздың үлкені кіріп келді. Сол сәтте қыздың жымиғанынан есім адасып, бірден ғашық болып қалдым. Қыздан айырылып қалмайын деп оны  кездесуге шақырып, өзіме қаратудың амалын жасадым. Ол кезде халыққа енді танылып жүрген кезім. «Атамекен» деген әнімнің де енді шығып жүрген кезі. Осылай Қаршығаны өзіме, әніме ғашық еттім. Біраз уақыт жүрдік те, 1984 жылы үйлендік. Жарыма кейіннен біраз әндер арнадым. Қаршығаның мені аздап қызғанатыны бар. Ондай кездерде ол маған бұртиып сөйлемей қояды. Бұл менің жаныма қатты бататын. «Осылай үндемей жүргенше, маған ұрысып, сабап, сабап алғаның жақсы ғой» деп айтамын. Ойлана келе оның ренішін басайын деп композитор Арман Дүйсеновке хабарласып, әйеліме арнайтын ән жазып беруін  сұрандым. Арманның әні дайын болған соң сөзін ақын Асқар Дүйсенбіге жаздырып алдық. Осылай «Ашуланбашы» деген ән дүниеге келді. Әнді алғаш рет 2003 жылы жеке концертімде орындадым. Кейінннен Арман Дүйсеновке тағы да жолығып, жарымның туған күніне орай ән жаздырттым. 28 қаңтар күні үйде кшігірім қонақтардың арасында «Туған күніңмен»  әнін  алғаш рет әйеліме тірі дауыста шырқап бердім. Қаршығаның сол сәтте  менің сыйлығыма  «шок» болып, ризашылығын білдіргенін ұмытқан емеспін. 

             Қазір Аллаға шүкір бір ұл, бір қызымыз бар. Ұлым жақында отау құрды, қызым да тұрмысқа шықты. Әйелім екеуміз енді балдай тәтті немерелерді күтіп жүрміз.  


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең үлкен энциклопедиялық сөздік
  • Әлемдегі ең қымбат кітапты Билл Гейтс қаншаға сатып алды?
  • Әлемде қай жазушының кітабы 2 млрд. данамен тараған?
  • Әлемдегі ең ауыр кітап жинағы қай мемлекетте?
  • Әлемдегі ең «ақылды» көпір
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: