Артық салмақтан, семіздіктен қалай құтылауға болады? Диетолог кеңес береді

 Screenshot_3.jpg                               

Жүктіліктен кейін  барлық әйел салмақ қосады. Сондықтан артық майдан құтылу үшін көп әйелдер бас қатырып, түрлі амалдарды жасайды. Ал дәрігерлер  не кеңес береді дейсіз бе? 

Босанғаннан кейін сүт өнімдерін көбірек тұтынған абзал.  Ұн өнімдерін, керісінше, азайтуға тырысыңыз. Өйткені, олар артық салмақтың тым көп қосылуына әсер етеді. Алғашқы апталарда сәбиіңіз қоршаған ортаға үйренісе алмай қиналады. Асқазан, ішек жолдарының жұмысы нашар болғандықтан, ана сүтімен келетін бөгде заттардың барлығы ауырсыну сезімін тудырады. Сондықта, бірер айға жеміс-жидек, газды сусын секілді заттарды шектеу қажет. Майонез, кетчуп секілді құрамында қоспалары бар тағамдарға мүлде жоламасаңыз жөн болар.  

Сүт мол болу үшін сусындарды көбірек ішіңіз. Әсіресе, сүт, қаймақ қосылған шайдың пайдасы мол. Бірақ, сүт көп бөлінетін аналар судың мөлшерін реттеп отырмаса, көкірек шамадан тыс ісініп кетуі мүмкін. Майлы тамақтарды шектеңіз. Тәттілерді  де көп тұтынудың қажеттілігі шамалы. Оның орнына кепкен жеміс, балды аздап қолдансаңыз болады. Жарма өнімдерінен сүтпен қосып ботқа жасап жеп отырсаңыз құба-құп. Жармалардың құрамында ақуыз да, көмірсутегі де, дәрумендердің де мол болатындығын ескерсек, сәбиіңіздің де, сіздің де көңіліңіз тоқ болатының анық.

Ескеретін нәрсе, қозғалыстың аз болуы семіздікпен күресте қандай диета ұстасаңыз да, нәтижесіз болады. Сондықтан, қимыл-қозғалыстың пайдасы аса үлкен. Сондай-ақ, шектен тыс қимыл қозғалысы да емшек сүтінің азаюына себепкер. Осы тәсілдерді орындасаңыз артық салмақтан құтылып, балаңызға да нәрлі сүтіңізді бере аласыз.

Жадыра Сапарова, 

диетолог


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Артық салмақтан, семіздіктен қалай құтылауға болады? Диетолог кеңес береді
  • Аптаның қай күні дүниеге келгеніңізге қарап мінезіңізді таныңыз
  • Бақытты болудың сыры...
  • Өлмеген құлға келді жаз...
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: