Халықты қашанғы қинайсыз, Мырзахметов мырза!

18fa7a5c516ef757e48f414aec8ff36c4b1905c8-2.jpeg

Тараздың темір жол вокзалында  көлік қоятын жер жоқ. Сол себепті  көлік иелері тәртіп бұзушыларды аңдыған полицейлерге жем болып жүр. Бұл туралы «Фейсбуктегі» парақшасына Исламбек Дастан есімді желі қолданушы жазды.  

Оның жазуынша, тараздықтар облысты басқаруға Асқар Мырзахметов келді деп қуанған. Қаладағы гүлзарлар, саябақтар ретке келтіріле бастаған. Алайда әуежай, автовокзал және теміржол вокзалындағы жағдай әлі де жаға ұстатады.

-Теміржол вокзалындағы жағдайың жаға ұстатқан ары тұрсын полицейлердің "май шелпегіне" айналып кеттік. Неге олай, қашанға төзе береміз. Шаршаттыңдар. Салық төлейміз, одан қоймай «дұрыс тұрмадын» деп, тағы да айыппұл төлеуге мәжбүр етеді. Неге теміржол вокзалы маңында көліктерге арналған тұрақ келушілердің санына жауап бере алмайды? Арман Молдиярұлы (облыстық полиция департаментінің басшысы, ред.), Еркебұлан Әбілханұлы (облыс әкімінің орынбасары. ред.) кабинеттеріңізден шығып, барып көріңіздер, "часпикте" қанша көлік кететіндігін. Ыңғайлы тұрақ жасамай, полицейлерге қашанға дейін жем бола береміз?!!! Менің сауалыма "отписка" жасап құтыла алмайсыздар. Әкімдік пен полицейлер салық төлеушілерден құралмай ма? Өздеріңіздің поезбен жүрмейтіндіктеріңіз көрініп тұр. Мен көтеріп отырған мәселені күн тәртібіне шығаруды ұсынамын,-делінген автордың жазбасында.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Президент «Жусан» операциясы бойынша мәлімдеме жасады
  • Назарбаев Қызыл алаңдағы әскери парадқа қатысты
  • Бүгін Сенат төрағасы 56 жасқа толды
  • Түркістанның сауда орындары қала сыртына көшіріледі
  • Шөкеевтің өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: