Білім министрі мұғалімдермен бірге еден жуушы, күзетші, электриктердің де айлығы өсетінін айтты

Screenshot_1.jpg

Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» бастамасын іске асыру жолында 1 маусымнан бастап мұғалімдердің жалақысы көтеріледі. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында айтты деп хабарлайды Baq.kz.

«Негізінен еңбек өтілін енді бастап жатқан жас мұғалімдер, психологтар, әлеуметтік психологтар, балабақша жетекшілері, тәрбиешілер және олардың көмекшілерінің жалақысы өседі. Сонымен қатар, білім беру жүйесінде қосымша жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы көтерілетін болады», - деді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі. 

Сонымен қатар, Күләш Шәмшидинова қосымша көмекші тұлғалардың да еңбекақысы өсетінін жеткізді. Яғни, балабақшадағы еден жуатын тұлғалар, күзетшілер, отжағушылар, электрик, сантехниктердің де жалақысы өседі.

«Басқарушы басқармаға жататындардың да еңбегі өседі. Олар мектеп директорлары, директор орынбасарлары, балабақшалардың басшылары», - деп белгілеп өтті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Президент «Жусан» операциясы бойынша мәлімдеме жасады
  • Назарбаев Қызыл алаңдағы әскери парадқа қатысты
  • Бүгін Сенат төрағасы 56 жасқа толды
  • Түркістанның сауда орындары қала сыртына көшіріледі
  • Шөкеевтің өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: