Қытайда 40-қа жуық мемлекет басшылары кездесті

Screenshot_11.jpg

Бейжіңде қырыққа жуық мемлекет басшыларының қатысуымен өтіп жатқан дөңгелек үстел отырысы басталды. Форумның ашылуында ҚХР президенті Си Цзиньпин сөз сөйледі. Ал оның жанында Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев отырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бейжің форумындағы үстелдің дөңгелек екеніне қарамастан, қытайлық тарап кейбір қатысушыларды ерекшелеп қойыпты - үстелдің басында шараны өткізуші елдің басшысы ретінде Си Цзиньпин отырған.

Ал оның оң жағындағы креслоға Ресей президенті Владимир Путин, сол жағына Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев жайғасыпты.

"Барлық әіптестерімізбен өзара байланысқан қарым-қатынас құру мақсатында серіктестіңтің тетіктерін оңтайландыруға біз дайынбыз. (...) Экономикалық дамуға кедергі келтіретін қиын сәттерді жеңуде өзара ынтымақтастық өте маңызды рөл атқарады деп ойлаймыз", - деп мәлімдеді Си Цзиньпин.

Айта кетерлігі, Пекиндегі үлкен дөңгелек үстел басындағы кездесу көркем жерде - Яньциху көлінің жағасында өтіп жатыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Туркестане прошел семинар по разъяснению выборного законодательства
  • Украина үшін ұшырылған көгершіндер қарға мен шағаланың шабуылына ұшырады
  • Күйеу бала. Ісі тастай Кеңес Рақышев
  • Димаш Құдайберген Ержан Максимге «Қазақша сөйле» деп ескерту жасады
  • Қытайда 40-қа жуық мемлекет басшылары кездесті
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: