Күйеу бала. Ісі тастай Кеңес Рақышев

Screenshot_16.jpg

Отыз бес жастағы бизнесмен Кеңес Рақышев осы күнге дейін баспасөзден бойын аулақ ұстап келеді. Өзгелер секілді тиыннан теңгені, теңгеден долларды қалай жасағаны туралы кеуде соғып, сұхбат берушілердің қатарынан емес. Алайда, елдегі газет-журналдар осы кәсіпкердің атын атап, түсін түстеп отырмаса, таңдары атпайтындай жағдайға жетті. Мәселен, қағазы жылтырақ, сатылу құны қымбат іскер журналдар оны еліміздегі ең ықпалды 50 кәсіпкердің бірі деп біледі. Жазғандарына сенсек, былтыр оның әмиянында 305 миллион доллар жатқан. Ал биылғысы 635 миллионға бір-ақ жеткен. Жағында ғана ол «Қазкоммерцбанкпен» бірігіп, «БТА» банктің 46,5 пайыз үлесін сатып алды. 2000 жылы  «ҚазТрансГазға» қарапайым менеджер болып қызметке тұрған Кеңес Рақышев  ертегідегі алыптар секілді сағат сайын өсіп, 2006 жылы  SAT & Company  директор кеңесін басқарғаран. Бұл холдинг құрылыс, машинажасау, қазба байлықтарды өңдеу және өндіру секілді ірі-ірі отыз компанияның үстінен қарған. Және холдингтің 51 пайызына К. Рақышев иелік еткен.

Ал, соңғы кездері сәнге айналған  «IT» технологиялық басылымдарды қарасаңыз, К. Рақышев осы саланың білікті маманы және басшысы болып шыға келеді. Анау-мынауға сия шығындап, ұсақталып жатпай-ақ бір мысалы айтайық. Президент Н. Назарбаев Алматыдағы «Алатау» технопаркінің қызметімен танысуына барғанда «IT»-тің мән-жайын бизнесмен Кеңес Рақышаевтің өзі түсіндіріп жүрген болатын. 

Оппозициялық басылымдар да К. Рақышевті төрлеріне  шығарғыш. Олардың жазғандарына қарағанда, бизнесмен Шешен Республикасының президенті Р. Қадыровпен керемет дос. Және шешендер үшін нағыз Атымтай жомарттың өзі. Футбол клубына өз атынан ұшақ силағыш, шешендер үшін аурухана салып бергіш және тағысы тағы.

Ал кей газеттердің дерегі бойынша, К.Рақышев бес уақытын намазын жібермейтін нағыз мұсылманның өзі. Біреулер оны сопылық «топқа», екіншілері басқасына қосып әуре. Өмірінің соңғы он төрт жылында Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасының президенті болған әкесі қайтыс болғанда жаназасын шығаруға Араб Әмірліктерінен молданы  арнайы алдырыпты деген сөз де бар. 

«Сегіз қырлы бір сырлы» іскер азаматтың қабілет-қарымы қоғамдық жұмыстар да тіптен көп. Мәселен, ол Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының бірінші вице-президенті, Дэюдо федерациясының президенті. Және Бокс қауымдастығының басшылырының қатарында. Сондай-ақ, шығармашылық салада қалам тербеп, тең авторлық құқықпен «Қазанат» кітабын жазып шыққан. 

Үндемей жүріп, осыншама шаруаны оп-оңай атқарып жүрген, бәріне уақыт тауып, үлгеретін К. Рақышевтің біз жазуға ерініп қалған бұдан бөлек істері де бір төбе.  Ондайын жазуға ерініп қалған себебіміз, оның қай жерге инвестиция құйғаны, қайдан инвестиция тартқаны туралы кестесіне қарасаңыз, басың айналады. Өрмекшінің өрмегіне түскендей әсерде қаласың. Қалай десек те, 35 жастағы іскер азаматтың қай тақырға табаны тисе де, табыстың астында көміліп қалғаны анық көрінеді. Айтпақшы, он төрт жылдың ішінде көз ілеспес жылдамдықпен өзі ісін өрге домалатқан Кеңес Рақышев Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің туған күйеу баласы. Ақша түріндегі байлықтарын салыстыра қарасақ, И. Тасмағамбетов күйеу баласының шаңына да ілісе алмасы анық.  

Мұрағаттан: 15.05.2014 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Туркестане прошел семинар по разъяснению выборного законодательства
  • Украина үшін ұшырылған көгершіндер қарға мен шағаланың шабуылына ұшырады
  • Күйеу бала. Ісі тастай Кеңес Рақышев
  • Димаш Құдайберген Ержан Максимге «Қазақша сөйле» деп ескерту жасады
  • Қытайда 40-қа жуық мемлекет басшылары кездесті
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: