Алматы облысында тегін 10 сотық жер учаскесі беріліп жатыр ма

Oinet.kz 16-06-2025 68

Алматы облысы әкімдігі тегін 10 сотық жер учаскелерінің берілетіні туралы таралған ақпарат жалған екенін хабарлады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_4.jpg

Әлеуметтік желіде кезекте тұрған азаматтарға саяжай учаскелерінің орнынан жер берілетіні туралы ақпарат тарады.  Алматы облысы әкімдігі бұл хабарландыруға қатысты түсінік берді.

— Тегін 10 сотық жер учаскелерінің берілетіні туралы таралған ақпарат қате екенін хабарлаймыз, — делінген хабарламада.

Қазіргі таңда бақша массивтерін елді мекендердің жерлеріне ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, олардың мақсатты тағайындалуын ЖТҚ немесе жеке шаруашылық жерлері (ЖШЖ) ретінде өзгерту жоспарланып отыр. 2025 жылы жалпы ауданы 123 га болатын 23 бақша массивін қосу жоспарланып отыр.

Интеграциядан кейін бос жер учаскелері пайда болған жағдайда, олар кезекке сәйкес беріледі.

— 2025 жылға жеке тұрғын үй құрылысына (ЖТҚ) арналған тегін 10 сотық жер алу кезегінде шамамен 1 284 488 адам бар. 2024 жылғы мәліметтер бойынша, биыл ЖТҚ үшін жер учаскелерін беру жоспарланбаған, себебі кезекшілерге беру үшін дайын бос жер учаскелері жоқ. 2023 жылы өңірде 4 300 жер учаскесі берілген, бұл кезекке тұрғандардың жалпы санының 0,4%-нан аз. Жер учаскелерін беру процесі алаңдар дайын болған және бос жерлер пайда болған сайын жүзеге асырылады, бұл шектеулі ресурстар мен инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты, — делінген хабарламада.

«Өзіме қол жұмсағым келетін»: Сталкинг құрбаны болған қазақстандық ару оқиғасымен бөлісті
«Қоздыратын дәрі берген»: Ақнәр ісіндегі күдікті қыздарға қатысты сұмдық ақпарат тарады (ВИДЕО)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу