Құлсарыда тағы бір бүлдіршін педофильдің шабуылына тап болды

Oinet.kz 19-06-2025 158

Атырау облысы Құлсары қаласында кішкентай қыз өзіне тиіспек болған мас ер адамның қолынан аман қалды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Сaspiannews.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Жуырда Құлсарыда зорлық көрген қыз баланың мүрдесінің Құрсай өзегіндегі қамыс арасынан табылғаны белгілі болған еді.

Енді арада көп уақыт өтпей сондай жағдай қаладағы 5-ші учаскеде тағы бола жаздады.

Ішімдік ішкен ер адам қыз баланың артынан қуып, жүрегі ұшқан жасөспірім сол маңдағы үйлердің бірінің шарбағынан секіріп түсіп аман қалған.

Ақтөбеде 9 жастағы қыз бен оны құтқармақ болған ер адам жантүршігерлік жағдайда қаза тапты
«Көп қан жоғалтқан»: Ақтауда аялдама жанында тұрған ер адамды автобус басып кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу