Қостанайда досының баласын зорлаған күдікті ұсталды

Oinet.kz 11-08-2025 96

Қостанайда досының баласын зорлады деген күдікке ілінген ер адам ұсталды. Ол Ресейге қашып кеткен, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Kyn.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_5.jpg

Қазақстан азаматы Ресей Федерациясынан экстрадицияланды.

«Қаскүнем 2024 жылдың қарашасында Қостанай облысында ата-анасымен достық қарым-қатынастағы жасөспірімнің пәтеріне келген. Жәбірленушімен екеуі жалғыз қалғанда, оның жасы мен психикалық ауруы туралы біле тұра, ер адам оған қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған.

Осы қылмысты жасағаннан кейін күдікті Қазақстан аумағынан шығып кетіп, осыған байланысты халықаралық іздестіруге жарияланды.

Өткен жылы ол Ресей Федерациясының Челябі облысында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды», – делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Ер адамға он бес жылдан он жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

«Ұлымды ақтамаймын»: Берденовке оқ атқан күдіктінің әкесі шұғыл мәлімдеме жасады
4 жасар баланы тұншықтырған Алматыдағы балабақшаның тәрбиеленушісі сотта жылап, кешірім сұрады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу