Блогер "ұлтаралық алауыздық тудырды" деп айыпталып, төрт жылға сотталды
Алматыда блогер және қоғам белсендісі Мирболат Мырзатайұлына сот үкімі шықты. Медеу ауданының №2 соты оны “ұлтаралық алауыздық тудыруды деп айыптап, төрт жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы Oinet.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мирболат Мырзатайұлына қатысты іс қыркүйектен бері тергелді. Блогердің туыстары бірнеше күн бойы оның қайда жоғалып кеткенін түсіне алмаған. Кейін блогердің полицияға ұсталғаны белігіл болды. Ал сот оны сот тергеуі кезінде уақытша ұстау изоляторына қамау туралы шешім шығарды.
Блогерге тағылған барлық айыптауларға оның әлеуметтік желіде жариялаған жазбалары себеп болған. Мирболат Мырзатайұлы кінәсін мойындаудан бас тартып, істің “жасанды” екенін айтты.
"Бұл қудалау оның қоғамдық белсенділігімен, атап айтқанда АЭС құрылысына сыни көзқарас білдіруімен, YouTube-тағы тергеушілік материалдарымен және экологиялық, саяси тақырыптағы сөйлеген сөздерімен байланысты", – деп санайды блогердің жақтастары.
54 жастағы блогер – “Журналисттік зерттеулер агенттігі” арнасының авторы. Бұрын ол мемлекеттік телеканалдарда ұзақ жылдар жұмыс істеген, кейін тәуелсіз тергеу жүргізумен және әлеуметтік маңызды тақырыптарды жариялаумен айналысқан.


