Бибігүл Дәулетбекқызы: «Нұрболхан екеумізге «сотталған» деген қағаз беріледі»

Oinet.kz 16-09-2019

Картинки по запросу Ләйла сотқа берді

Бибігүл Дәулетбекқызы сот шешімі шықпай тұрып, өндірілген ақшаны қайда жұмсайтынын жариялаған Ләйла Сұлтанқызына таңқалды. Қыз пәктігін қорғағаны үшін соттасып жатқан Бибігүл өзінің Instagram желісінде халықтан қолдау сұрады, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі.

«Бұл сот – шоу-бизнесте жүргендер үшін хайп болар. Ме үшін олай емес. Халайық, Нұрболхан екеумізге қылмыстық іс қозғалып жатыр. Бұл азаматтық, әлде, әкімшілік іс емес. Егер Сеңгірбекова жеңсе, Нұрболхан екеумізге «сотталған» деген қағаз беріледі!!! Сол үшін де бізге халықтың қолдауы ауадай қажет!», - дейді Бибігүл өзінің парақшасында.

image.png

Бибігүлдің бұлай көмек сұрауына әкесінің де сөзі себепші болған. Үш күн бұрын әкесі тұрмысқа шықпаған қызының сотталуы өміріне балта шапқанмен тең екенін айтқан.

«Халқым, халқым дегенде осы ма еді маған көрсеткенің?! Сол халқың қолдайтын болса, көрерміз ертең не болатынын?! Жетпіске жақындап қалғанда көрге өкіріп түс дедің бе?», - депті Бибігүлдің әкесі. 

Сот 16-қыркүйек саған 15:00-де Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі 32 үй мекенжайында орналасқан Есіл ауданы, 2 аудандық сотында болады.

Нұрлан мен Мұрат: «Орысша сөз қосып ән айтуды қою керек»
Жанар Хамитова дүниеден озды

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×