Алтынай Жорабаева Сәбиттің өзін ұрып-соғатынын ашып айтты

Screenshot_1.jpg

Алтынай Жорабаева бұрынғы күйеуі Сәбит Әбдіхалықовтан ажырасқалы бірінші рет ел алдында жан сырымен бөлісті. Әнші "31" арнаның "Өнер мен өмір" бағдарламасында күйеуімен қалай танысып, екі ай ішінде тұрмысқа шыққанын айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, ол актермен танысқанда 22 жаста болған.

"Сен осы маған тие салмайсың ба?" десе мен кәдімгідей "Қалай-қалай сөйлесіз?" деп жаман болатынмын. Ренжіп қалатынмын. "Өзіміз жақтың қызы екенсің. Әшейін қалжыңдап жатырмын. Мен сені алайын деп тұрған жоқпын" десе де сенетінмін.

Содан бір тойдан кейін маған "Шынымен мен сені ұнатып тұрмын. Сен маған күйеуге тие сал" деп айтты. Өзі сондай әңгіме болады ма? Ол кісіні түсінбей тұрмын. Оның үстіне түсі суық, ол кісіден қорқып тұрамын. Сонда "Тие сал деген әңгіме болады ма?" деп сұрадым.

"Мен романтик емеспін. Өзіміздің жерлесіміз болғаннан кейін... Қарап отырсам бойыңда қазақылығың, ер азаматты сыйлайтын мінезің бар екенін байқап жүрмін. Маған тигенің дұрыс болады. Сонда сен ештеңе ойламайсың. Тек қана бала-шағаны ойлайсың. Қалған жұмыстың бәрін өзім жасаймын. Дауысың да жақсы. Бәйгеге қосса, кез-келгенді жарып алып келесің", - деді.

Мен ана жерде түсінбеймін. Содан мен сөйлемей қалдым.

Сосын ол кісі "Қалжыңдап жатырмын. Ойнап жатырмын" деді. Мен сеніп қаламын. "Сіз үлкенсіз ғой" десем, "Бес жаста тұрған не бар? Бес жас ит жас қой" деп, өзі қалжыңдап сөйлейді ғой", - деп ағынан жарылды Алтынай Жорабаева.

Сондай-ақ, әнші сұхбат барысында Сәбиттің үйленбей тұрып бірінші әйелі Айгүл Иманбаева жайлы айтқанын да жасырмады.

"Бір тойдан кейін кетіп бара жатыр едім, "Тоқтай тұр. Қазір бір әңгіме бар" деді.

Сол жерде отырған кезде "Көп сөзді қой да, маған ти" дейді. Мен "Сіз қалай сөйлеуді білмейсіз ғой" дедім. "Енді мен саған қалай айтуым керек?" деді. Сосын мен "Білмеймін. Тие сал деп, маған зат сияқты қарап тұрсыз ғой" дедім.

Ал ол кісі "Жоқ мен өзімнің ойымды түсініп тұрмын. Сені таңдап тұрмын. Сен маған әйел болатын адамсың" деді. Мен түк түсінбей тұрмын.

"Мен негізі үйленгенмін ғой" дегенде үстіме біреу су құйып жібергендей болды. "Бұл кісі мені екінші әйел қылып алайын деп тұр ма? Менімен қалжыңдап тұр ма? Менің кәдімгі намысымды таптап отыр ғой. "Тие сал, мен негізі үйленгенмін" деген не әңгіме", - дедім де, "Мен кеттім" деп айттым.

Сосын ол кісі "Жоқ. Жо-жоқ. Мен негізі ажырасып кеткенмін" деді. Сосын мен "Оның үстіне ажырасқан адамға қалай тиемін деп ойладым. Мен ол жерде күйеуге тиетін нәрсе емес, конкурсқа қатысып жүрмін ғой. Мен не істеп жүрмін бұл жерде", - дедім.

Ал ол "Сен ол адамды танисың. Әйелімнің кім болғанын... Айгүл Иманбаева" деді. Ал мен таңғалып "Қандай күшті келіншек. Сіздің әйеліңіз болған ба? Сонда сіз сол адамнан ажырасқансыз ба? Сіз онда дұрыс адам емессіз. Мен оны қалай жақсы көрем. Нағыз қазақтың келіні ғой. Ол кісіні танымаймын. Бірақ маған ұнайды", - дедім.

Ал ол "Актриса ғой ол. Ол жерде ол актриса болып ойнау керек болды. Бірақ сен оның мінезін білмейсің ғой" деп айтты", - деген әнші өзінен 5 жас үлкен жігіт туралы алғаш рет папасына сыр шерткен.

"Адам қайта-қайта айта бергеннен кейін ойлана бастайсың ғой. Содан анамнан қорқып, папама ашық айттым.

Папам "Қызым, өзің қара. Негізінде мен, әке-шешесі мынаған ти, ананы ал дегенге қарсымын. Кім жүрек қалауларың болады. Өздеріңнің таңдауларың болсын. Көзі көр, аяғы шолақ болса да, өзің сүйіп тұрсаң, сол сенің жарың болсын", -деді.

Содан өзім кішкене жеңілденіп қалдым. Ол кісімен қайта-қайта кездесеміз. Мені дайындыққа алып барады.

"Аға, аға" деп жүріп, екі-ақ айда үйленетін болып шештік. Маған "Сен енді кәрісің ғой" деп сөйлейді. Мен әр сөзіне ренжіп қаламын.

Тамашада жүргеннен кейін қалжыңның бірі деп қараймын. Ал жай адам болса, оның сөздерін көтере алмайсың ғой. Ол менің ойымды да, пікірімді де тыңдамайды.

Сол сәтте алды да "Мынадай әншілер бар. Мынадай әндер, композитор бар. Содан ән аламыз. Мына әнге аранжировка жасатамыз" деп кетті. Мен соның ғана айтқанын істеп кеттім.

Одан кейін менің мойныма қарыз іліне бастаған сияқты болды. Сезім де болды. Екеуміз үйленіп кеттік", - деген әнші отбасында өз пікірінің болмағанын да жасырмады.

"Бірақ, біз үйлене салысымен... Мен өз ойымды ешкімге, оған да айта алмаймын. Не үшін таяқ жегенімді сұрағаным үшін одан сайын таяқ жедім. Тағдыр солай болып тұрған шығар. Мен өздігімнен жұлқынып тұрып сөйлейтін қыз болмадым", - дейді Алтынай Жорабаева.

0d79983a0d0343a18d1c26f5c31f5a81.jpg

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұрлықшы оқушы
  • Жолаушыларды ажалдан аман алып қалған ақылды келін
  • Маскүнемді тәубесіне түсірген бір ауыз сөз
  • Жетпіс бес қабат
  • Бақытсыз бай
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика