Заманауи ертегі: Сафаның өнертабысы

Oinet.kz 01-07-2020

Қазақстанның қиыр аймағына Сафа есімді қыз өмір сүреді. Ол ата-анасының шаршаңқы жүретіндігін аңғарып, көмек көрсеткісі келеді. Ауыр тіріктердің орындалуын қайтсем жеңілдетемін деп ылғи қиял кешіпті. Ауылдастарының барлығы таңнан кешке дейін егістік даласында жүреді екен. Сафаға ботаника туралы оқып-үйренген қатты ұнайтын еді. Әкесі егістікке барса, ілесіп соңынан еретін. Өзі кітаптан суретін  көретін өсіміктердің күтімі жайлы әкесінен қосымша деректер біліп таңдай қағатын. Кітаптағы деректермен сәйкес емес мәліметтерді әкесі климаттың түрлілігімен сипаттайтын. «Шіркі-і-ін, біздің шөлдің топырағы да сондай құнарлы болса, өнім көп болар еді», - деп әкесі күрсініп сөзін түйіндейтін.

сурет.jpg

Сафа сол күннен бастап топырақтың құнарын арттыруға байланысты тәжірибелер жасауға кірісіпті. Оның ауылында өнбеген өсімдікті үй жағдайында өсіруді мұрат етіпті. Есігінің алдындағы жылыжай жаз мезгілінде бос тұратын. Ғаламтордан лимон ағашын бөлмеде өсіруге байланысты кеңестер оқыды. Сафа тұратын аймақ тым ыстық болғандықтан лимон 90 күнде өнім береді екен. Сафа сол күннен лимон дәнінен көшет өндіруге барын салыпты. Отыз ыдысқа көшет салып күнде күтімімен айналысуды әдетке айналдырыпты. Отбасы Сафаның еңбекқорлығын бағалап, қолдау көрсетіпті. Ата-анасы нәрлендіруші қоспаларды қымбат бағада алмауға кеңес беріп, қызының ізденісіне жол ашады. Топырақтың сапасын арттыру үшін Сафа ауыл кітапханасынан аграномдық басылымдарды оқып бастайды. Құдық маңындағы батпақты мекендейтін шұбалшыңды табу қиынға соқпады. Шалшық маңына барған Сафа:

―Кішкентай ғана сүйкімді шұбалшыңдар, сендер рұқсат етсеңдер, жаңа мекенге жерсіндіргім келеді. Ол жерде мен сендерге күн сайын мейірім төгемін. Әрі сендердің арқаларыңда ғажайып лимон жемісі өнеді!,- деп келісімін сұрады. Шұбалшыңдар келісімін ишаралағандай балшық бетіне ширалып шығып тыымсыз қозғалды. Сафа шұбалшыңдардың әрекетіне қуанып, ыдысқа жинап алды. Ғаламторда  шұбалшыңға «жауын құрты» деп ғылыми атау берілгенін байқап таңырқады. Әрі олар шіріген органикалық қалдықтармен қоректенетінін білді. Бастапқыда өсімдігінің тамырын жеп қояды ма деп уайымға салынған. Алайда 1780 жылдардан бастап қолданысқа енген топырақтанушы ғалымдардың әдісіне сенім білдірді. Бұл әрекеті арқылы топырақта су мен ауа алмасу процессі жеңілдей түседі екен. Ең қызығы ― шұбалшыңның денесі екіге бөлнсе де тіршілігін жалғастырады екен. Яғни зақымданған бөлшегі қалпына келеді. Тоғыз келі топыраққа 90 шұбалшың есебімен отыз ыдысқа 3 жауын құрт орналастырды. Күн сайын тұт ағашынан рұқат сұрап, жапырақтарын жинап алатын. Әуелі лимонды суарып, сосын топырақ бетіне жапырақ тастайтын. Топырақтың зат алмасу процессі жақсарып, түсі қара-қоңыр болды. Лимон көшеті де біршама ұлғайды. Сафа көшеттерге күн сайын ертегі оқитын. Анасы өсімдіктерге адамға мәміле жасағандай қатынас таныту керектігін айтты. Өсімдіктің де жаны бар. Күн аптаға, апта айға ұласып уақыт сырғыды. Ортасынан бөлектеніп қалған Сафаны достары іздеп келе бастады. Жылыжайдағы әсем өсімдіктерін көрсеткен де Тұнықтан басқа бәрі қызығушылық танытты.

― Біз әлі кішкентаймыз. Қолымыздан түк келмейді! Үлкендердің айтқанын жасаған жеткілікті. Не қыласың босқа шаршап, мына өсімдіктер шіріп біткенше енді бізге оралмайсың ба? – деп Тұнық досына жөнсіз кейістік білдірді.

― Өсіміктер де менің досым ғой. Анам айтқан олар аса сезімтал. Тұнық, сенің сөзіңе менің өсімдіктерім ренжиді. Олай айтпа!- деп Сафа досына жауап берді. Достары да артық сөйлемей үйді-үйіне қайтуға асық болды.

Достары кеткен соң Сафа терең ойға көмілді. Тұнық та үйіне барып қызғанышы қойнына симай Сафаны орталарына қаайтарудың амалын жасағысы келді. Ең дұрысы көрші үйдің аймағына тентек ешкісін босатып жіберу деп тапты. Секеңдеген ешкі жылыжайға еніп, өсімдіктерді талқандайтынына аса сеніммен қарады. Тұнық жоспарын қараңғы түскенде орындаймын деп ұйғарды. Кешке ақ ешкінің қазығын босатты. Көрші аулаға қарай бағыттап айдап еді, ешкі кідірместен бақшаға қойып қалды. Тұнық көңілі тоқ қалыпта ұйықтап, таңертең Сафаның өзімен ойнайтынын елестетіп қуанышты күй кешті. Ол сырттағы шудан оянды. Әжесі ешкінің ұятқа қалдырғанына шағымданып, орнына арқандап жатыр екен.

 ― Әй, мына ешкінің қазықты қопарып кетуге күші жоқ. Не де болса адам босатқан секілді. Көршілерден ұят болды. Сафаның жылыжайын талқандапты. Қанша білдіртпейін десе де, Сафаның жылағаны көкірегімді қарс айырды,-деп күмәнін жеткізді.

  ­― Жоға кім босата қоя дейсіз,-деді сенімсіз Тұнық. Сафаның қапаланғанына ұятты хәлі әжесіне жағдаятты баяндағанды дұрыс деп танытып. Әжесіне болған жағдаятты бүкпей айтып берді. Ниетінің бөлек нәтие көрсетерін қаламағанын жеткізі.

 ― Ақылды-тентегім менің,-деп әжесі сызданды. Адамның жетістігіне қызғаныш танытпа. Тек қызық, ол нәтиже саған пайдалы деп тапсаң, ұмтылып қызық! Шындық қашанда қымбат. Асүйден қорабы ашылмаған тәттіні ал да Сафаға сыйла,- деп ақыл айтты.

картинка.jpg

 Тұнық әжесі айтқан ақылға амал етті. Сафа Тұныққа ренжімей, аман қалған көшеттерді бірге баптауға ұсыныс айтты. Содан бастап қос құрбы ағаш күтіміне теңдей атсалысты. Көп өтпей жаңа оқу жылы басталды. Биология пәні жаңадан оқылы басталғандықтан Сафа ұстазға өсімдіктері жайлы әңгімелеп берді. Ұстазы көшеттерді аудандық жас биологтар байқауына қатыстыруды ұсынды. Өнім берер кемел шақтағы көшеттер аудандық биологтар байқауында барлық қатысушыларды қызықтырды. Тек қағазбен таныстырылым жасаған қатысушылар ағаштың рас екеніне сенбеді. Лимондар жапсырылған болар деп Сафа мен Тұнықтың еңбегін жоққа шығармақ та болды. Бірақ, Сафаның зерттеу мағлұматтарынан соң бәрі сенді. Қазылар алқасындағы аудандық агономия бөлімінің маманы Сафа мен Тұныққа ақшалай сыйақы тағайындады. Қаражат Сафа мен Тұнықтың «Ғажайып бақша» деп аталатын жылыжай құрылысына жұмсалды. «Үлкендерсіз ешнәрсе істей алмаймыз» деген сөзі үшін Тұнық қатты ұялды. Күш адамның денесінде емес санасында екенін сезінді. Содан бастап ауыл балалары Сафа мен Тұнықтай болуға ұмтылды. Көп оқып, көп ізденді. Кейіннен сол аймақтан түлеген ғалымдар мен білімі асқан тұлғалар елдің түкпір-түкпірінде аңызға айналыпты.

Суреттер ашық дереккөзден алды

@Ә.Б.

Жауыздықтың символына айналған Эрнесто Гевара шын мәнінде кім?
Баланы креативті ойлауға қалай үйретеді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×