Ұрланған тағдырлар

ричард.jpg

Ричард Хакл, "суперпедофиль"

Соңғы он жылдағы балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық деңгейі күрт жоғарылады. Балалардың ғұмырлық естеліктеріне орны толмас ояз түсіргенімен қоймай, педофильдердің басым бөлігі «жемтігін» жан түршіктірерлік жағдайда мерт қылады. Педофилия – психологиялық ауытқу. Сәбиқұмар жат емес жақыныңыз болуы да мүмкін. Мысалы, 2015-2016 жылғы статистикаға сүйенсек, азғындардың 30 %-ы – зәбір көрген баланың өз туысы. Жақсы танитын балаларына күш көрсеткен қылмыскерлердің саны 60 % -дан асып жығылған. Тек 10% сәбиқұмар ғана өзі танымайтын балаға зорлық көрсетеді екен. Мысалы,   Ричард Хакл есімді «суперпедофиль» атанған британ азаматы 200-ден аса балаға қатысты қылмыстық әрекетке барған. Ең жан шошытарлық тұсы өзінің онлайн блогында 9000 жазылушысына өз әрекеттеріне қатысты жазба жариялап отырған. Өзінің құрбандарының арасында толыққанды емес отбасының балалары ғана емес, ата-анасы ағылшын тілін үйрету үшін Ричардты жалдаған бүлдіршіндер де бар.

джейси.jpg

Джейси Дюгард.

Джейси Дюгардтың «Ұрланған тағдыр» («Украденнная жизнь»)  кітабы он сегіз жылдық зорлықтың табымен жазылған. Небәрі 11 жасында мектептен қайтар жолда ұрланған қыздың қоңырауын анасы 18 жыл күткен. Джейси 14 жасында дәрігерлердің көмегінсіз ана атанған.  Екі қызы бар Джейсиді көп адамдар перзенттерінің анасы емес, әпкесі деп қабылдайды екен. Қазірде Джейсидің «Ұрланған тағдыры» таралымы көп кітаптардың қатарына еніп, бірнеше тілге аударылған.

наташа кампуш.jpg

Наташа Кампуш, Вольфанг Прикопиль.

Мектепке кеткен Наташа Кампуш есімді 10 жасар австриялық бүлдіршін араға сегіз жыл салып үйіне оралған. Вольфанг Прикопиль есімді азамат қызды 4 ай сырттай бақылап жүріп ұрлайды. Он сегіз жасында, яғни 2006 жылы бостандыққа қашып шыққан қыз 2008 жылы өзінің телевизиялық жобасын жарыққа шығарады. Қазірде Австрияның беделді журналистіне айналған Наташа 2010 жылы орта мектепті тәмамдаған. Наташаға көмек көрсетпек болған психологтар  Стокгольм синдромын анықтаған. Ал, қылмыскер Натша қашқан күні поезд астына түсіп жан тапсырады. «Natascha Kampusch trifft» бағдарламасының жүргізушісіне айналған кейіпкеріміз сот арқылы қылмыскердің бүкіл дүние-мүлкін өз меншігіне алған. Кампуштың құрсаудағы күндерін бейнелейтін «3096 күн» деген фильм жарыққа шыққан.

rebenok_SN.jpg

Көрнекі сурет.

Құзғынға балалығы жем болған балғындар психологиялық соққы алып, жағдаят әр кез өмірлеріне өз көлеңкесін түсіреді. Елімізде де «сәбиқұмарлардың» құлқынына құрық салу мүмкін болмай отыр. Қамауға алынған қылмыскерлер 15-20 жылдан кейін бостандыққа шыққан соң да қылмысын қайталамасына кім кепіл? Педофилияны психологиялық ауытқу деп бағалап, ем алатын сәбиқұмарлар некен-саяқ. Ал, сіз перзентіңіздің бақытты балалығын қалай қорғар едіңіз?

Суреттер ашық дереккөзден алынды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қарт ананың марқұм шалына жазған хаты
  • ​Қазақ не үшін үсті-үстіне тоқал алған?
  • Ата-ананы қалай сыйлау керек?
  • Табақ тарту ережесі. Әр қонақтың өз сыбағасы бар
  • Анасын қарттар үйіне өткізген бала
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика