Маржан Арапбаева: «Бірінші күйеуім қызын іздемейді»

Картинки по запросу маржан арапбаева

Шоу-бизнес жұлдызы, әнші Маржан Арапбаеваның бірінші некесінен болған қызымен әкесі қазір мүлде хабарласпайтынын, іздемейді екен. Бұл жайында Арапбаева "Қарақатпен шай" бағдарламасында айтты.

 Арапбаеваның сөзінше, бірінші күйеуі қызымен байланысын үзген. Бүгінде қызы туған әкесінен гөрі анасының екінші жолдасының махаббатын көбірек сезінеді екен.

"Үлкен қызымның әкесі бөлек. Ол кісі баласының өміріне мүлдем ешқандай көмек көрсетіп, атсалыспайды. Хабарласпайды, іздемейді, сұрамайды. Жоқ, мен ондай бөгет жасап, алдына кедергі болған емеспін. Қызым, әрине көргісі келеді. Оған өзі хабарласып, іздеген күндер де болды. 

Мүмкін "қыздың жүрегін ауыртпай-ақ қояйын, өзім де уайымдаймын ғой" деп арақашықтық сақтағысы келетін болар. Ол жағын мен кішкене түсінбедім" , - деп ағынан жарылды әнші.

Оған қоса, Арапбаеваның бұрынғы жолдасы ешқандай алимент төлемейтін болып шықты. Одан ақша алудан әншінің өзі бас тартқан.

Эстрада жұлдызы үлкен қызының қазіргі жолдасымен жақсы тіл табысып алғанын да айтып өтті.

"Ол әйел заты үшін үлкен бақыт қой. Екінші рет тұрмыс құрып жатырсың. "Тұңғышыңды қоя тұршы" деп өгейшілігін білдіріп жатса, ондай адаммен тұрмас едім.

Себебі, мен үшін бірінші мәселе - балаларымның көңілі. Мен өз бақытын ғана ойлайтын аналар қатарында емеспін. Сондықтан Ерекеңе көңіл аударған бірден-бір себебім - оның қарым-қатынасы" , - деді өнер иесі.

Маржан Арапбаева бірінші некесінің шайқалуына не түрткі болғанын да жасырмады.

"Мен өзімді сондай мінсіз әйел болдым деп те айта алмаймын. Менен де қателіктер болды. Өте көп қателік болды. Оны мойындаймын.

Ажырасуымызға бір ғана себеп болды деп айта алмаймын. Екеуміздің мінезіміз келіспеді деп ойлаймын. Бірге алты жыл тұрдық.

Ашу үстінде бірге тұрмаймыз деген сөз екеумізден де болды. Алайда, нақты сол пікірімде тұрған мен болдым. Қорқыныш болды.

Өнерімді қатты қолдады ғой. Соның арқасында дайын нәрсеге келетінмін. Концерттерім, киген киіміме дейін өзі қадағалады.

Ол жағынан жағдайымның барлығын жасады. Әрі қарай не болады деп алаңдадым. Құлап кетсем, қызымды қалай асыраймын деп ойладым" , - деді ол.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Абай Бегейдің үлкен қызы әкесінің туыстарымен неге араласпайды?
  • Меруерт Түсіпбаева: «Пендеміз. Періште аспанда ғана»
  • Жүсіп Ақшора: «Сахнаға ішіп шыққан кездерім болған»
  • Айжан Нұрмағанбетова: «Менде қасиет бар. Арнайы көріпкелдік байқауына да қатысқанмын»
  • Тұңғышбай Жаманқұлов Нұрғали Нүсіпжанның некесіне пікірін білдірді
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика