Арыс қаласындағы наубайхананың бірінде жарылыс болды: Қаза тапқандар бар

Oinet.kz 19-01-2024 130

Арыс қаласында наубайханадағы жарылыстан бір адам өліп, екіншісі ауыр хәлде жатыр. Оқыс оқиға қала орталығында болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото видеодан алынды

Әуелі наубайхананың бір бөлігінен от шығып, жалыны ғимарат ішіндегі газ баллонын шарпыған. Бұл кезде нан пісіретін жерде Өзбекстаннан келген екі жұмысшы болған екен.

Олар газ баллонды қауіпсіз жерге шығарып үлгермеген. Соның салдарынан қатты қызған газ баллоны жарылып, ғимараттың 300 шаршы метрі қирап қалған. Денесінің 70 пайызын күйік шалған 39 жастағы әйел ауруханада көз жұмды. Ал денесінің 35 пайызы күйген 25 жастағы екінші жұмысшы ауыр хәлде жатыр.

"Бүгін сағат 13 шамасында әйел жарақаттарының ауырлығына байланысты жан тапсырды. Ер баланың жағдайы қалыпты. Жансақтау бөлімінде емделіп жатыр”, – дейді Арыс орталық ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі Талғат Тәжіметов.

Ақтаудағы аққулардың қырылуы: Ветеринарлар халықтан көл маңына келмеулерін сұрады
Бір адамға 10 дана: Оралдықтар жұмыртқа сатып алуға енгізілген шектеуге наразылық білдірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу