2023 жылы қазақстандықтар VIP нөмірлерге қанша ақша жұмсады

Oinet.kz 19-01-2024 144

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы 2023 жылы қазақстандықтардың VIP нөмірлерге қанша ақша жұмсағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сурет pexels-тен

Былтыр ХҚКО-лар 30 мыңға жуық мемлекеттік тіркеу нөмірлерін берген. Атап айтқанда ең қымбат VIP нөмірлерге: 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 және бірдей әріптермен жазылғандар жатады.

"Автокөлік иелері нөмір үшін 10 миллиард теңгеден астам ақша төледі", – делінген мемлекеттік корпорацияның хабарламасында.

Ал салыстырсақ, 2022 жылы қазақстандықтар VIP нөмірлерге 7 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсаған. Бұл қаражат ел бюджетіне түседі.

2023 жылы ең көп сатылған нөмірлер: 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707.

Әр нөмірлік белгінің құны 57 АЕК (210 444 теңге) тұрады. VIP желісіндегі ең қымбат нөмірлер 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 болды. Мұндай номерлер үшін автокөлік иелері 285 АЕК (1 052 220 теңге) төледі.

Былтыр мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында 3,2 миллионнан астам көлік тіркеліп, 1,1 миллион жүргізуші куәлігі берілген. 

Бұған дейін елімізде көлік нөміріне арналған мемлекеттік баж салығы өскенін хабарлаған едік.

Қытай халқының саны екінші жыл қатарынан азайып жатыр
Психология потери в азартных играх: Почему игроки возвращаются в казино
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу