Саясат Нұрбек: Академиктерді жасына емес, сапасына қарап іріктейміз

Oinet.kz 23-01-2024 142

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысынан кейін өткен брифингіде Ғылым академиясында қандай жаңашылдықтар болып жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

саясат нұрбек

"Қазір Ғылым академиясын трансформациялау жүріп жатыр. Былтыр Президент жанындағы Ғылым академиясы құрылып, мәртебе берілген. Қазір ғылым туралы заңға тиісті өзгертулер енгізіп жатырмыз. Кеше Президент өз өкімімен Ғылым академиясының жаңа президентін тағайындады. Ережесі дайын. Жуырда, екі-үш аптаның көлемінде жаңа академиктерді сайлауды бастаймыз деп ойлаймын. Яғни, қазір Ғылым академиясы қоғамдық ұйым түрінде жұмыс істеп тұр. Ол жойылып, жаңа академиктерді конкурстық негізде іріктеу жұмыстары басталады", – деді ғылым және жоғары білім министрі.

Министрдің айтуынша, еңбегі сіңген, жылдар бойы ғылыми үлесін дәлелдеп келе жатқан кейбір академиктерге "Құрметті академик" мәртебесі беріледі. 

"Жаңа академияның жарғысында бұл бар", – деді Саясат Нұрбек. 

Министр академиктер іріктеу конкурсы мүлде жаңа өлшемшарттар бойынша жүретінін айтады. 

"Мысалы, ғылыми қызметі, Q1, Q2 импакт-факторы бар журналдарда жарияланған мақаласының саны есепке алынады. Іріктеу мүлде жаңа қағидаттар бойынша жүреді. Ол қағидат ғалымның жасына емес, шынайы ғылыми үлесіне, белсенділігіне, патенттер санына, ғылыми жобаларына, инвестиция тарта білгеніне қарайды. Сондықтан алдағы 2-3 айда академия шындап трансформацияланады. Жас бойынша шектеу жоқ", – деді Саясат Нұрбек.

Жер сілкінісі кезінде көпқабатты үйдің тұрғындары қандай әрекеттерден қашуы керек
Қайрат Сатылбалдының ұлына тиесілі "Байсат" базарының бір бөлігі қайтарылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу