Алматы соты Тимур Құлыбаевқа ҚазҰУ жерлерін қайтарып беруді міндеттеді

Oinet.kz 23-01-2024 208

Сот үкімімен Тимур Құлыбаевтың компаниясы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жерлерін қайтарып беруге тиіс. Компания сот шешімімен қанағаттанбаған жағдайда, 17 ақпанға дейін шағымдана алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Алматы соты әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жер учаскесі туралы даулы мәселесі бойынша қаланың жер ресурстарын басқару департаментінің талабын қанағаттандарды.

Алматы Жер ресурстарын басқару департаменті Алматы әкімдігінің 3 қаулысын жарамсыз деп тану туралы талап арыз берді. 

Жауапкерлер арасында: 
•    Алматы әкімі аппараты;
•    Алматы жер қатынастары басқармасы;
•    "Omirex" ЖШС;
•    "Atlas Development" ЖШС;
•    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бар.

Айта кетейік, "Atlas Development" пен "Omirex" құрылтайшысы – миллиардер Тимур Құлыбаев. 

Сот талапкердің Алматы әкімдігінің қаулыларын жарамсыз деп тану және құқықтық кадастрдағы тиісті жазбалардың күшін жою туралы талаптарын қанағаттандырды.

Сотта "Omerix" ЖШС жер учаскелерін беру айрықша жағдайларға сәйкес келмейтіні және сауда-саттықсыз беру үшін негіз болып табылмайтыны анықталды.

Еске салайық, бұл жерлер бұрынғы Алматы әкімі Бауыржан Байбек болған (2015 жылдан 2019 жылға дейін қала басшысы болған) кезеңде берілді. Сол кезде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жер әкімдігінің қаулысымен "Omirex" ЖШС меншігінде болды.

Қайрат Сатылбалдының ұлына тиесілі "Байсат" базарының бір бөлігі қайтарылды
40-қа толып қартайғаны үшін өксіп жылаған Қайрат Әділгерей халықтың жүрегін ауыртты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу