Данияр Мейірханның жұмыстан босатылуына қатысты түсініктеме берілді

Oinet.kz 11-09-2023 407

61861888_848709862154629_3940103251029917696_n.jpg 

Шымкент қаласының Полиция департаменті патрульдік полиция полкінің командирі Данияр Мейірхан мен оның қарамағындағы бірқатар қызметкерлердің лауазымдарынан босатылуына қатысты түсініктеме берді.

-Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері патрульдік полиция полкінің инспекторының 70 мың теңге көлемінде ақша алу дерегін құжаттаған болатын. Осыған байланысты полиция департаментінің жеке құрамы бойынша инспекция қызметтік тергеу жүргізді. 8 қыркүйекте тергеу нәтижелері тәртіптік комиссияның қарауына ұсынылды. Комиссия өз кезегінде қорытындыға келіп, патрульдік полиция полкінің командирін, оның екі орынбасарын, рота командирін, оның орынбасарын және взвод командирін сыбайлас жемқорлық қылмысына жол бергені үшін атқаратын лауазымдарынан босату туралы шешім шығарды.  Шымкент қаласы ПД-ніғ бастығы Д.Таев оларды қызметтен босату туралы бұйрыққа қол қойды,-делінген Шымкент қаласы Полиция департаментінің таратқан мәліметінде.

Күдікті полк инспекторы полиция беделін түсіргені үшін жұмыстан шығарылды. Ұсталған полицейге қатысты ҚР ҚК-нің 366-бабы "пара алу"бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ол қамауда. Полиция департаментінің басшылығы бұдан былай заң бұзушылыққа жол берген қызметкерлерге қатысты қатаң шаралар қабылдауға ниетті.

 


Нұрқазы Шетенов отставкіге арыз берді
Қазақстан Таулы Қарабақ жанжалында Әзірбайжанды қолдайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу