Төлебиде жылдың 4 мезгілінде саяхаттауға болады

Oinet.kz 25-04-2024 54

image.png

Елімізде саяхатшыларды қызықтырып отырған басым бағыт ол экологиялық туризм. Яғни демалушылар у-шудан гөрі тыныш, әсем, табиғат аясында уақыт өткізгенді құп көреді екен. Мұндай саяхатты ұнатушылар Төлеби ауданына жиі келеді. Жан-жағы тау мен өзен, бұлақтарға бай, жасыл мекенде демалыс аймақтары көп.  Ауданда бүгінгі таңда туризм саласында 140 нысан қызмет көрсетеді.  Өткен  жылы  таулы өлкеге 39 697 турист келген және  2,9 миллиард теңге инвестиция тартылып, 8 жоба жүзеге асып, 42 жұмыс орны ашылған.

image.png

 Ауданның демалыс орындары тұрғындарға жыл мезгілдеріне орай тауда тынығу, атта серуендеу, шаңғы тебу, сырғанау секілді қызмет түрлерін ұсынады. Қыс мезгілінде таудың әсемдігін тамашалап, таза ауамен тыныстап, шаңғы тебу үшін «Тау Самалы» демалыс аймағының «Алатау» тау шаңғы базасы, «Алма-тау» тау курорты қызмет көрсетеді. Ал, емделушілерге «Біркөлік» санаториясы, «Дихан Тау» саумалмен сауықтыру орталығы жұмыс жасауда. Балық аулауға арналған «Сақ» демалыс аймағы бар.

image.png

 Сондай-ақ  аудан аумағында «Ақсу-Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорығы және «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің біраз аумағы орналасқан.Табиғаты ерекше қорғалатын парк аумақтарында туристерді қызықтыратын дүние жетерлік. Сондықтан мұнда келушілердің қатары жыл санап өсуде. Айталық өткен жылы табиғи парктерге 80 мыңға жуық  демалушылар келген. Парк аумағында туристерге барлық ыңғайлы жағдайлар қарастырылған. Нысанға баратын жолдар жөнделген және саябақ территориясында оның бар байлығын көрсететін арнайы туристік маршруттар жасалған.  

image.png

Шетелдік туристерді қызықтырған ауыл
Саяхатшылар табиғи паркте серуендей алады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу