Шымкентте «Киелі мекен» апталығы жүріп жатыр

Oinet.kz 22-04-2024 46

1.jpg 

Жуырда Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Спорт шағын ауданынан дендросаябаққа дейінгі аралықтағы балалар теміржолының қазіргі жағдайымен танысты. Бұған дейін жергілікті халық бұл нысанның жылдар бойы тоқтап қалу мәселесін бірнеше рет көтерген болатын. Ескере кететіні, бүгінде тар табанды темір жол желісін қайта құру қыруар қаражатты қажет етеді.Себебі, қазір нарықта тар жолдарға арналған локомотивтер мен вагондар өндірілмейді.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай композицияның тапсырысы көп уақытты алады, ал құны тым қымбатқа түседі. Сонымен қатар, теміржолдың біраз бөлігі тұрғын үйлерге жақын орналасқан. Жолдың екі жағынан тиісті қауіпсіздік арақашықтық сақталмағандықтан, бұл аумақтар адам өміріне қауіп төндіреді. Жағдайды жан-жақты зерделеп, Арғынбеков-Бәйдібек би жол айрығын салу кезінде темір жолдың бір бөлігі бұзылғанын ескерген қала басшысы жауаптыларға жаңа жаяу жүргіншілер жолын салудың тұжырымдамасын дайындауды тапсырды.

Жоба аясында жүгіру және велосипед жолдарының ұзындығы ұлғайып, ағаштар отырғызылады, көгалдар төселеді, бірнеше воркаут алаңдары салынады. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша,  азаматтардың белсенді демалуына бағытталған бұл жоба бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырылады.

Осы жерде айта кетері, бүгінде Шымкентте Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» республикалық тазалық акциясы аясында «Киелі мекен» апталығы жүріп жатыр. Жер-жерде тазалық жұмыстары жүргізіліп, мәдени мұралар, ескерткіштер маңдары тазаланып, ретке келтірілуде. Сондай-ақ, Шымкенттің білім беру ошақтарында «Киелі мекен» тақырыбында ашық сабақтар өтуде.  Ондағы мақсат, мектеп оқушыларына «Киелі мекеннің» маңызын түсіндіру. Соның арқасында рухани-мәдени мол мұрамызға мән беріп, ұлттық құндылықтарымызды саралау, киелі жерлердің тарихымен таныстыру. Сол арқылы оқушылардың отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің қасиетті жерлерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Нақтырақ айтар болсақ, Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №132 жалпы орта білім беретін мектеп, № 134 жалпы орта білім беретін мектеп, №66 Қазығұрт жалпы орта мектебі, А.Бөкейханов атындағы N2 жалпы орта білім беретін мектеп, Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясындағы өткен ашық сабақтар «Киелі мекен» апталығымен ұштастырылып өткізілуі мәдени мұраны, рухани құндылықтарды, қасиетті орындарды оқушылардың танып-білуіне зор ықпал етті.  Сондықтан, әр мектепте өткен «Киелі мекен» ашық сабақтарында оқушылар киелі деген сөздің мағынасын ұғып, қастерлеу, қорғау керек деген сөздердің астарына мән беріп, үлкен сабақ алғаны сөзсіз.


Сыздықбеков тұрғындардың талап-тілектерін тыңдады
«Таза Қазақстан»: Акцияға прокурорлар да атсалысты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу