«Таза Қазақстан»: Дендросаябаққа ағаш көшеттері егілді

Oinet.kz 22-04-2024 42

3.jpg 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» акциясы аясында  «Жасыл аймақ» апталығы өтуде. Шымкентте осы апталықта А.Асқаров атындағы дендросаябақта 50 – ге жуық ағаш егілді. Бұл туралы Шымкент қаласының Коммуникациялар қызметі хабарлады.

22 сәуір  – халықаралық Жер күні. Бұл айтулы дата 2009 жылдың 22 сәуірі күні БҰҰ Бас Ассамблеясының 63-інші сессиясында бекітіліп, 2010 жылдың 22 сәуірінен бастап жыл сайын атап өтіліп жүр.

Осыған орай Шымкентте «Халықаралық жер күніне» ASA жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен оқыту семинары өтті. Оған 40-қа жуық жас қатысты. Бұл экологиялық мереке қоршаған ортаны қорғауға, жер шарын жасылдандыруға және табиғатқа ұқыпты қарауды насихаттауға арналған.

Семинар да осы бағытта өтті. Онда қатысушылар қоршаған ортаның тазалығы, экологиялық мәселелері және оның алдын алудың жолдары қаралып, ой бөлісті.

Негізі Халықаралық жер күні барлық елдердің жергілікті, ұлттық және халықаралық деңгейдегі ормандар мен ағаштармен байланысты іс-шараларды, мысалы, ағаш отырғызу науқандарын ұйымдастыруға бағытталған шараларға қолдау көрсету мақсатында өткізіліп келеді.

Сондықтан оқыту семинардың да осы аптада басталған «Жасыл аймақ» апталығына сәйкес келіп, оған қатысушылар дендробаққа барып, 50-ге жуық ағаш көшеттерін екті.

ASA жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Данара Саранованың айтуы бойынша Шымкентте аталмыш семинардың бірінші күні өтуде. Кейін басқа қалаларда да жалғасын таппақ.

Қоршаған орта мен табиғатты қорғауға қатысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алдымен экология, одан кейін өндіріс» деп халыққа үндеу жариялай отырып, «Өндірістік әлеуетті күшейту мен экологияны қорғау арасындағы тепе-теңдікті сақтау өте маңызды» екенін айтқан болатын.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасымен 2024 жылдың 8 сәуірінен елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталды. Ауқымды экологиялық науқан бес аптаға созылады және оның әр аптасы белгілі бір тақырыпқа арналады. Сәуір айының 22-27 күндері «Жасыл аймақ» тақырыбымен өтетін апталық ағаш көшеттерін отырғызу, көшеттерді әктеумен ерекшеленеді.


«Таза Қазақстан»: Акцияға прокурорлар да атсалысты
Шымкентте «AJP Shymkent International» халықаралық турнирі өтуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу