Ерболат Құдайбергенов: «Екінші әйелімді заңдастыра алмай жүрмін»

Screenshot_16.jpg   

Ерболат Құдайбергенов Шымкенттің өнер сахнасы мен осы өңірдегі тойлардың төрінен жиі көрінетін әнші. Ол бозбала шағының біраз уақытын  Шымкентте өткізгенінестіп таңдандық. Кезекті бір Шымқалаға келісінде әншімен әңгімелесіп, біршама сыр суыртпақтаған едік. 

- Аллаға шүкір, таяу арада жаңа альбом жазып, тыңдармандарға сыйламақпын. Клип түсіруге қажетті жеке техникаларым мен мамандар бар. Бала кезден мултипликацияға деген қызығушылығым ерекше. Анимацияның кереметін пайдалана отырып, жаңа клиптер түсіргім бар. Осы мақсатта мықты мамандармен іскерлік байланыс орната бастадым. Жалпы қазір ақындармен де, сазгерлермен де, аниматорлармен де арадағы шығармашылық байланыс жаман емес. 

   Енді өзімді  алаңдатып жүрген бір мәселені айтайын. Менің қазір екі әйелім бар. Бәйбішемен бас қосқанымызға біраз жыл болып қалды. Балаларымыз өсіп жатыр. Оған алғаш үйленген жылдары-ақ екінші әйел алатынымды айтып жүретінмін. Әрине, қазіргі заманда қандай әйел ерінің екінші әйел алғандығын қалайды дейсіз. Бас кезінде қарсы болып жүрді. Кейін келіскендей сыңай танытты. Қайын жұртымның алдынан өтуді де ұмытпадым. Екінші жарымның ата-анасы мен отбасы мүшелері де бұл жағдайдан хабардар. 

     Келісім бар жерде түсіністік те салтанат құратынына көзім жетті. Қазір екінші жарым да жүкті. Айы-күні жақындап келеді. Мені қинайтын мәселе – некеге тұру. Олай етпесек, ертеңгі күні дүниеге келетін бала құжат жүзінде әкесіз болса, екінші әйелім жалғызбасты ана атанбақ. Екінші әйеліммен некеге тұру үшін бірінші жарыммен заңды түрде ажырасуым керек екен. Ал мен бәйбішеммен құжат жүзінде болса да ажырасқым жоқ. Мені қинайтыны осы мәселе. Парламенттегі аға-әпкелеріміз әлі де болса осы заңды қайта қарауды қолға алса екен деген тілек бар. 

Екі әйеліме деген көзқарасым, қамқорлығым тең дәрежеде. Біреуіне не сатып алсам, екіншісіне де тура сондай зат алып беремін. Сондай-ақ, үйге кезектесіп қону мәселесінде де осындай теңдіктен ауытқымаймын. Алалаушылық дегеннен мүлдем аулақ жүремін. Құдайға шүкір, «екі әйел алғанның дауы үйінде» деген мәтел біздің отбасы үшін арналмаған секілді. Өзім ұлтжанды азаматпын, қазақтың санының артқандығын жан-тәнімен қалайтын жанның бірімін. 

Мұрағаттан: 05.04.2012


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең үлкен энциклопедиялық сөздік
  • Әлемдегі ең қымбат кітапты Билл Гейтс қаншаға сатып алды?
  • Әлемде қай жазушының кітабы 2 млрд. данамен тараған?
  • Әлемдегі ең ауыр кітап жинағы қай мемлекетте?
  • Әлемдегі ең «ақылды» көпір
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: