Әрбір қыз білуі тиіс сұлулық жайлы 101 лайфхак

31-1476223124-cfcdfd6000.jpg

12. Консилердің көмегімен бет терісіндегі ғана бөрткенді емес, сонымен қатар денедегі бөрткенді де жасыруға болады. Мәселен, үлкен қиығы бар декольте киген кезде, кеуде тұсындағы бөрткенге корректор жағып, оған біршама опа жағыңыз.

13. Бет сүйегіңізді сырт көзге көтеріңкі қылып көрсеткіңіз келсе, оған хайлайтер жағып, ал астыңғы бөлігіне бронзер жағыңыз.

14. Бір асхана қасығы өлшемімен даршын + бір асхана қасығы өлшемімен какао + бір асхана қасығы өлшемімен жұпар жаңғағы + екі шай қасығы өлшемімен жүгері крахмалы = қолдан жасалынған бронзер.

Бұл бронзерді денеге де жағуға болады

15. Сұқ саусақты және ортаңғы саусақты мұрыннан бүйір жаққа қою арқылы, еңлік жағылуы тиіс нүктені анықтаңыз.

16. Косметика көмегіне жүгінбей-ақ, бет әлпетіңізді жандандырып, сәл реңк бергіңіз келсе, бет сүйегіңізді жай ғана шымшылап қойыңыз.

17. Егер теріңіз құрғақ болса, еңлік және опа кремін қолданыңыз.

18. Егер сізде еңлік болмаса, оның орнына ерін далабын қолдансаңыз болады. Далапты алдымен қолыңызға, сосын бояу жаққышқа немесе спонжға жағыңыз.

19. Егер бетіңізден майлы жылтырды өшіріп, макияжды жөндеу қажет болса, және қолыңызда опа болмаған жағдайда, балаға арналған сеппені немесе талькті қолдануға болады.

20. Макияжды сүртуге арналған құралдар (сүтше (молочко), миццелярлы су және т.б.) шаш бояу кезінде маңдайға немесе құлаққа тиіп кеткен бояуды жақсы кетіреді.

21. Теріні күту керек. Макияжды түнде емес, үйге келгеннен соң бірден өшіру қажет.


Дереккөз : anabol.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: