Үйіңіздің жинақы әрі таза болғанын қалайсыз ба?

442-1476218883-5ce6f15b3e.jpg

Үйіңіздің жинақы әрі таза болғанын қалайсыз ба? Онда біз ұсынар 5 кеңеске назар аударыңыз.

 

1. Шаршап тұрғанда үй жинауға кіріспеңіз.

 Демалып, көңіл-күйіңіз жақсы кезде үй жинасаңыз, әрі тез бітесіз, әрі шыдамсыздық танытып, жарты жолдан тастап кетпейсіз. Ең бастысы, едендегі шаңдарға, төгілмеген қоқысқа қайта-қайта ашу шақырып, жүйкеңізді жұқартпайсыз.

 

2. Тәртіп орнатыңыз.

 Егер үйіңізде әр заттың өз орны болса, бөлме тап-тұйнақтай көрінеді және іздеген затыңызды оңай табасыз. Ол үшін майда заттарды сөрелерге тізіп қоймай, қорапқа салып қойыңыз, артық заттарды адам көзінен таса жерлерге жинаңыз. Көзге ұрып тұратын майда-шүйде дүниелер аз болған сайын үйіңіз де жинақы көрінеді.

 

3. Артыңызды жинап жүріңіз.

 Бұл ережені үйдегі барлық адамдарға ескертіп қойыңыз. Егер үйде біреу қандай да бір затты қолданды ма, қайтадан орнына қоюы керек. 2-ші қағиданы сақтауға көмектеседі және үй жинағанда да септігін тигізеді.

 

4. Көп шашылатын аймақтар

 Үй жинап бола салысымен бірінші шашылатын, заттар қайта ретсіз болатын орындар – едендер мен кілемшелер (әсіресе дәлізде, кіре берісте), жуынатын бөлмедегі айна мен шұңғылша алды, теледидар экраны мен соның айналасы. Үнемі осы жерлердің шаңын сүртіп, тазартып, реттеп жүруге тырысыңыз.

 

5. Ұмытпаңыз.

 Шаң сүртуге арналған шүберек таңдарда құрамында микрофибра барын алыңыз. Ол баттасқан кірлерді езгенде де, шаңдарды сүрткенде де, жақсы көмектеседі.

 

 

 

Дайындаған: Айдос Айгерім

Дереккөз : anabol.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: