Оқушылар қашықтықтан оқу үшін тегін компьютерлерді қалай ала алады?

Oinet.kz 11-08-2020

Қазақстандық оқушылар қашықтықтан оқу үшін тегін компьютерлерді қалай ала алатыны туралы білім және ғылым министрлігі айтып берді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

news_full1597143343d96a98fa5a1ef8fb395dceafda46570d.jpg

Бұл туралы білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Иманғалиев Есенғазы Нұртөлеуұлы айтып берді. Ол жаңа акция аясында оқушыларға техникалық құрылғылар уақытша берілетін болады. 

"Оқушыны қолда" акциясы басталды. Акция демеушілердің, меценаттар мен еріктілердің көмегі арқылы жүзеге асырылатын болады. Акция аясында қолдау мен көмекке аса мұқтаж білім алушыларға уақытша берілетін техникалық құралдар, компьютерлер, планшеттер мен телефондар сатып алынады. Акция аясында жоғарғы жылдамдықтағы интернетті қамтамасыз етуге бағытталған", - дейді ол. 

Сонымен бірге, министрлік қалай өтініш беру керек екенін түсіндіріп берді.

"Министрлік мектептерге маниторинг жүргізіп, оқушылардың техника алу кезегін реттеу барысында көмек көрсетілетін оқушы топтарын анықтады. Көмек ереше қажеттіліктері бар балалар мен жетім балаларға көрсетіледі. Компьютерлік техниканы алуға өтінім беру үшін арнайы сайт іске қосылды. келесі отбасынан шыққан балаларға көмек көрсетіледі. Атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға, мемлекеттік әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы балаларға, мүгедек ата-аналары бар балаларға, көп балалы отбасынан шыққан ата-анасының біреуі жоқ балаларға көмек көрсетілетін болады", - дейді 


 


"Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетi" мекемесiне қатысты жоспар
Облыс әкіміне қарсы шыққан Сандуғаш Тұрлыбекова сотқа тартылды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×