«Борат-2» фильміне қарсы болған жұрт митингке шықты

Oinet.kz 23-10-2020

Бүгін 23 қазанда "Борат-2" фильміне наразы болған "Намыс" қозғалысының өкілдері  Алматыдағы АҚШ консулдығының алдына жиналды. Олар өздерінің фильмге қарсы петициясын консулдың өзіне табыстамақшы, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

image.png

Петицияға шамамен 50 адам қол қойған. Бұл бір түннің ішінде ұйымдастырылған шара. Қозғалыс өкілдері АҚШ-тың бас консулдығына наразылықтарын айтып аталмыш петицияны табыстады. Алдағы уақытта елшіліктің өкілдері шара қолданатынын айтты. Алайда қай уақытта қолданатыны нақтыланбады. 

Бүгін наразылыққа келгендер жақын арада Алматыдағы елшілік қандай да бір шара қолданбаса, өз петициясын Қазақстандағы АҚШ-тың бас консулдығы орналасқан Нұр-Сұлтан қаласына барып табыстамақ. 

Бұған қоса, наразылықты ұйымдастырған "Намыс" қозғалысы қазақстандықтарға бұл фильмді көрмеуге кеңес берді. 

Дина Төлепберген министрліктен Боратқа қатысты шара қолдануды талап етті
Еліміздің бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×