Бүгін Роза Рымбаеваның туған күні

Oinet.kz 28-10-2020

Осыдан 63 жыл бұрын, яғни 1957 жылы Роза Қуанышқызы Рымбаева дүниеге келді.

image.png

Роза Қуанышқызы Рымбаева 1957 жылы 28 қазанда Семей облысы Жаңғызтөбе ауданында дүниеге келген. Т.Жүргенов атындағы Алматы театр-көркемөнер институтын бітірген, музыкалық комедия актері. Эстрада әншісі (сопрано), педагог, профессор. Қазақ КСР халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қырғызстан мен Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі.

1976 жылдан – «Гүлдер» республикалық эстрадалық-жастар ансамблінің мүшесі. 1979 жылдан - Қазақ мемлекеттік «Қазақконцерт» бірлестігінің әншісі.

«Парасат» орденімен марапатталған. «Эстрада жұлдызы» аталымында «Жыл адамы» (2000) атанған. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының, «Өмірді әнмен өрнектеп» телевизиялық конкурсының, Бүкілодақтық жас орындаушылар конкурсының лауреаты. «Алтын Орфей», «Сопот-77», «Алтын микрофон» фестивальдарының Гран-при иегері.

Бүгін Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туған күні
Екі балаға аяусыз қорлық көрсеткен өгей әкеге сот кешірім берді


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×