БҚО-да ер адам кәсіпкерді қорқытып, миллион доллар бопсалаған

Oinet.kz 13-01-2024 156

Батыс Қазақстан облысында кәсіпкерден бір миллион доллар бопсалаған күдікті ұсталды.

Screenshot_4.jpg

Полицияның мәліметінше, күдікті ер адам мал шаруашылығымен айналысатын қожалық иесін қорқытып, бопсалаған.

Мал бордақылап ет өткізетін серіктестік басшысынан 1 миллион доллар бопсалап, оңай олжаға кенелгісі келген азамат дәл ақша алып жатқан жерінде ұсталды. Полиция күдіктінің көлігінен 4 миллион теңге тәркілеген. Адам бопсалаумен айналысқан азамат қамауға алынып, тергеу жүріп жатыр.

"Бопсалау бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Заңнамаға сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, – деді БҚО ПД баспасөз қызметінің басшысы Нұржан Қуанғали.

Атырау облысындағы балабақшада бүлдіршінді қатарластары ұрып-соққан
Қазақстандық студенттер білім беру несиесін қалай ала алады: Министрлік жаңа ереже ұсынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу