Тұран ауданында ауқымды сенбілік өтті

Oinet.kz 11-04-2026

Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылуда. Осыған орай Тұран ауданында 6 аумақта тазалық жұмыстары жүргізілуде. Ең ауқымды жұмыстар Өтегенов және Алтынжол көшелерінде атқарылуда.

image.png

Тазалық жұмыстарына 70-тен астам арнайы техника жұмылдырылып, 10 мыңнан астам адам қатысты. Іс-шараға жергілікті тұрғындар, еріктілер, студент жастар, ардагерлер және түрлі мекеме қызметкерлері белсенді атсалысты.

Тазалық жұмыстары барысында аулалар мен қоғамдық орындар ретке келтіріліп, қоқыс қалдықтары шығарылуда, сондай-ақ жасыл желектерге күтім жасалуда. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жалпықалалық сенбілік бір реттік акция емес, ол тұрақты түрде жүргізілетін экологиялық жұмыстардың бір бөлігі болып табылады. Мұндай бастамалар қала экологиясын жақсартуға және тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

Шымкентте «Auyl Invest Fest – 2026» халықаралық фестивалі өтті
В Туранском районе прошёл масштабный субботник в рамках программы «Таза Казахстан»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу