Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

Oinet.kz 25-10-2026

f290e329-b5d6-4e62-8383-11f65bf6576e.jpg

Шымкент қаласының «Астана» алаңы бүгін ерекше мерекелік рухқа бөленді. Республика күніне арналған ауқымды халықтық іс-шара қала тұрғындары мен қонақтарын бір алаңға жинап, елдік пен бірліктің, шаттық пен қуаныштың мерекесіне айналды.

Ұлттық мереке – Республика күніне арналған мерекелік концерттік бағдарламада жергілікті шығармашылық ұжымдармен қатар, елімізге танымал өнер жұлдыздары - Маржан Арапбаева, Қайрат Түнтеков, ӘділетЖауғашар, Сырым Исабаев, Заттыбек Көпбосынұлы, Еркеш Хасен өнер көрсетіп, қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Шымкент қаласының әкімдігі ұйымдастырған бұл мерекелік іс-шараның басты мақсаты — ел егемендігі мен тәуелсіздігін дәріптеу, ұлттық бірлік пен отансүйгіштік құндылықтарды ұлықтау.

Республика күні – халқымыздың өткен жолын саралап, тәуелсіздігіміздің мәнін терең түсінуге мүмкіндік беретін маңызды мереке.

Шымкенттегі мерекелік іс-шара осы тарихи күннің мәні мен рухын айшықтап, елдігіміздің тұғырын биіктете түсті.

Мерекелік кеш ертең де Астана алаңында жалғасын тауып, соңы жарқын отшашумен қорытындыланады.

Состоялся праздничный концерт, посвященный Дню Республики
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу