Мақтааралда мектеп директоры есірткімен ұсталды

Oinet.kz 27-05-2010 1729

1467967925_narkotiki.jpg

Иә, осындай масқара тірлік Мақтаарал ауданында тіркелді. Бәлкім бұл кездейсоқтық емес шығар...Өйткені ауданда мектеп директорлығына  кездейсоқ азаматтарды, дәлірегі таныс-тамыры мықтыларды, қалтасы қалыңдарды тағайындаудың түбі ешкімге абырой әпермесі о бастан белгілі емес пе еді. Мақтаарал ауданындағы білім саласының оңып тұрмағаны туралы мәселе талай жиындарда көтерілді. Біздің газетімізде де жазылды. Бірақ одан түзелген тірлікті көрмедік.  Керісінше директорлардың бірі парамен ұсталды, бірі мемлекет қаржысын талан-таражға салды, бірі сауатсыз...Міне, мектептегі шәкірт пен ұстаз соған қарап бой түзеуі тиіс адамның тағы біреуі есірткімен ұсталып қамауда жатыр. Білім саласында бұрын-соңды мұндай сорақылықты естіп пе едіңіз?!

Мақтаарал аудандық ішкі істер басқармасының бастығы Асылхан Қалаубаевпен хабарласқанбыз. Оның айтуынша, оқиға былай болған.

Аудандық тәртіп сақшылары тас жолда бір көлікті тоқтатып, ондағы екі азаматқа тінту жүргізген. Осы тінту барысында олардан марихуана мен апиын табылған. Ұсталғандарды бірі аудандағы А.Қалыбеков ауылдық округіне қарасты Үлгілі орта мектебінің директоры Нұрлан Дауылбаев болып шықты. 

Н.Даулыбаевтың мектеп директорлығына тағайындалғанына көп бола қоймаған. Бір қызығы, ол қызметін әкесінен «мұрагерлік жолмен» алған екен.  Осындай үрдіс кейінгі кездері облыс мектептерінде кең өріс алды емес пе?! Егер бала әке жолын қуып жатса оның несі айып?! Бірақ Н.Дауылбаев олай болмай шықты. Аз уақыттан кейін жаңа директордың үстінен аудандық қаржы полицейлері қаржылық құқықбұзушылық жасағаны үшін қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізіп жатқан. Міне, тергеу аяқталмай жатып Н.Даулыбаев тағы бір қылмыс жасап ұсталып отыр. Құқық қорғау органдары директордың үстінен қозғалған екі істі біріктіріп, тергеуді полицияға берген. 

--Қазір Н.Дауылбаевқа қатысты тергеу амалдары аяқталды,--деді бізге ауданның бас полицейі.

Мақтаарал ауданының прокуроры Хали Маматаевтың мәлімдеуінше, «Үлгілі» орта мектебінің директорына қатысты іс аудандық сотқа қарау үшін жолданыпты. Енді айыпталушының қаншалықты кінәсі бар-жоқтығын сот анықтайды. Сондықтан бұл мәселеге алдағы уақытта қайта оралатын боламыз.   

Біз хабарласқан мақтааралдық бір азаматтың айтуынша, «Нұрлан Дауылбаев мектеп директорлығына лайық емес, сондықтан орнына басқа азаматты тағайындау керек» деген мәселені биыл аудан әкімінің халық алдындағы есеп беруінде көтерілген екен. Аудан әкімі Қ.Хаметов елдің бұл талабын ескерусіз қалдырған. Кім біледі, аудан әкімі онсыз да соттасып, «бір қазанда бастары піспей жүрген» Мәлік Ырысымбетовтың ішкі тірліген араласпай, тып-тыныш жүре бергенді жөн көрген шығар.

Бүгінгі күні Мәлік Ырсымбетов қызметінен кетті. Оның орнына тағайындалған Қуатбек Бопаев деген азамат тағайындалған. Қ.Бопаев өзіне де, өзге де абырой әпермейтін директорлардың тағдырын қалай шешер екен?      

oinet.kz мұрағатынан

0d79983a0d0343a18d1c26f5c31f5a81.jpg

Жармахан Тұяқбай: «Шаршадық. Бәрібір жеңіске жетіп жатқанымыз жоқ»
Танымал көріпкел Назарбаевтан кейін кім президент болатынын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу