Шымкенттің шенеуніктері субсидияны заңсыз берген

Oinet.kz 13-06-2024 263

Subsidii_Tenge_Zhivotnovodstvo_Korovy_860.jpg 

Шымкент қаласының прокуратурасы тексеру нәтижесімен ауыл шаруашылығы саласында өрескел заң бұзушылықтарды анықтады. Бұл туралы Шымкент қаласының прокуратурасы хабарлады. 

Атап айтқанда, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің сүт өнімінің құнын төмендету бойынша ұсынған өтінімдерінде жалған ақпарат беру арқылы субсидияларды заңсыз алу фактілерін анықтады.

Қала прокуратурасы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге қатысты 12 млн теңгені жымқыру фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі (ірі көлемдегі алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғап, сотқа жолдады.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде Шымкент қаласы Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының 6 лауазымды тұлғасы, оның ішінде басқарма бастығының орынбасары тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында мемлекет кірісіне 24 млн теңге өндірілді.

 


Президентті шымкентше алдау
Сайрамда екі блогер қамауға алынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу